Түркістан облысы: Арыстық 100 оқушыға мектеп құралдары табысталды

«Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә.Жангелдин атындағы мектептеАлматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы. 

Түркістан облысының әкімі ақпараттың ашық әрі уақтылы айтылуы керектігін ескертті

Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек. Бүгін облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Қорға аударылған қаржы мен мемлекет тарапынан берілетін әрбір қаражат та қоғам назарында болады. 

Түркістан қаласының әкімі Арыста болды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Арыс қаласындағы Түркістан штабына барып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта Түркістан және Нұр-Сұлтан қалалары №9 секторға жауапты. 

Үкімет басшысының орынбасары Арыс қаласына келді

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс қаласына келді. Үкімет басшысының орынбасары қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақтылы әрі сапалы орындалуы керектігін айтты. 

Түркістан облысы: Арыс шаһарын жандандыруға белсенді азаматтар да атсалысады

Бүгін облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков Арыс қаласының белсенді азаматтарымен кездесті. Жиынға мәслихат депутаттары, ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрайымы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қала имамдары қатысты. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндіруші, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада ұсынылды. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында 180 үй толық жөндеуден өтті

Арыс қаласын жарылғыш заттардан түгелдей тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Шаһар тұрғандары үшін айта кетер жайт, қауіпті деп танылған заттарды байқаған жағдайда 102, 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертеміз! Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ. 

Осы RSS каналға жазылу