Түркістан облысы: Сайрам ауданында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы жиын өткізді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Сайрам ауданында арнайы жиын өтті. Іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік ұйым, сондай-ақ білім беру саласының басшылары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері М.Калыбаева, С.Сағындықов және А.Оразалы қатысты. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында татуласу орталығы ашылды

ҚР Жоғарғы Соты жүзеге асырып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – «Татуласу орталығы» жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру. Осы мақсатта аудандық сот төрағасы Т.Машрапов пен Сарыағаш аудан әкімі Қ.Абдуалиев бірлесіп, «Татуласу орталығын» ашты. 

Шымкент қалалық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Абай Рахметулин Шымкент қалалық сотының жаңа төрағасы Ербол Рахымбековты таныстырды. Кеңеске Шымкент қаласынң әкімі, судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында «Өзіне өзі қызмет ету» бұрышы ашылды

Мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру мақсатындаҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Мыңбұлақ аулында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышының жұмысымен танысты. Тәжірибемен бөлісу үшін ауыл әкімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің оқытушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Түркістан облысы: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың ақпарат орталығы ашылды

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ақпараттық орталық ашылды. Енді сотқа талап арызымен немесе қандай да бір мәселемен жүгінген азамат кедергісіз көмек ала алады. Ескерте кететін жәйт, азаматтарға қолайлы болуы үшін мұнда талап-арыздарды қабылдау, кеңес, ақпарат беру электронды түрде жүргізіледі. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, сот төрағасы және бірқатар департаменттердің басшылары, сот жүйесінде көп жылдар еңбек еткен ардагерлер осынау жаңашылдықтармен танысып қайтты.

Түркістан облысы: Жетісайда жемқорлыққа жол жоқ

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі, комиссия төрағасы Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, Жетісай аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев, Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамы, білім беру мекемелерінің басшылары, дербес бөлім басшылары мен кент, қала, ауыл округтерінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы кеден бекетінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Келес ауданы әкімдігімен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы жеке қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды.