Отандастар Отырарға ат басын бұрды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру аясында «Отандастар қоры» ұйымының Түркістан облысында «Туған жерге тағзым» іс-шарасы өткізілмек. Аталған шараға шекара асып келген қонақтар Отырар ауданына арнайы келіп, Арыстанбабтың кесенесіне зиярат етті.