Түркістан облысы: Келес ауданының мұғалімі – «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы
Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді. Биыл «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Астана қаласында "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.