Шымкентке 6 айда 110 мың турист келген
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық көрсеткіш. Осылай деген «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы енді туроператорлардың өздерін елді аралатуды бастады. Ішкі туризмді дамыту мақсатындағы жаңа жобаның таяуда екінші циклі басталды. 5 аймаққа жол тартқан агенттік жетекшілері үшінші мегаполиске де табан тіреді.