Шымкент қаласының бюджеті 21,4 млрд теңгеге артпақ
Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін нақтылау бойынша баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлының қатысуымен өткен жиын барысында ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі, 23 қыркүйектегі №490,№701 Қаулыларына сәйкес 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізілгені белгілі болды.