Түркістан облысы: Түлкібас ауданында оқушылардың жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылған

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 830 аз қамтамасыз етілген, тұл жетім және жартылай жетім балалаларға жаз мезгілінде сауықтыру үшін аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап жазғы лагерде демалдыру жоспарлануда. Бұған қоса кәсіподақ ұйымдарына, мекеме басшылары, демеушілер, ата-аналар есебінен 3500 жуық оқушыны аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарында демалту да жоспарда бар. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ

Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданында бүгінгі таңда жалпы мектептер саны – 60, оның ішінде 45-і – жалпы орта мектептер, 5-і – негізгі орта мектептер, 9-ы – бастауыш мектептер, 1-і – үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. Үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. Жалпы білім ошақтарында 22138 оқушы білім алуда. 

Түркістан облысын дамытуға жастардың да тың жобалары үлес қосады

Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жинында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

За Героя труда – педагога из Шымкента Алину Соловьеву – радуется весь город

В канун Дня Независимости учитель школы-гимназии №1 имени А. Пушкина Алина Соловьева была удостоена высокой награды «Қазақстанның Еңбек Ері». Награду вручил Глава государства Нурсултан Назарбаев. 

Шымкенттегі №125 мектеп жаңа дәуірдің білім ордасы болуға лайық

«Жаңа дәуірдің білім ордасы – жарқын болашақ кепілі». Кеше осы тақырыпта Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беретін мектеп аймақтық семинар өткізді. Мақсат – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту. Шымкент қалалық білім басқармасының Ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға шаһардағы мектептердің басшылары, директордың оқу ісі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы білім бөлімінің әдіскері мен А.Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінің ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. 

Түркістан облысы: Бәйдібекте ІТ сынып ашылды

Білім беру жүйесін цифрландыру уақыт талабы. Бүгінде сұранысқа ие мамандар көшін ІТ саласының мамандары бастап тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында ІТ сынып ашылды