Түркістан облысы: Арыстағы төтенше жағдаймен күрес үздіксіз жүруде
Ағымдағы жылдың 25 маусым күні сағат 11-де 44859 әскери бөлімінің аумағында өрт ошағы жалғасуда (ә/б аумағы 2700 га құрайды, онда 89 оқ-дәрі қоймасы орналасқан, сақтау орындарының ауданы 150 мың шаршы метрден астам.) ТЖ салдарын жоюға жеке құрамнан 36 адам және 40 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған оқиға бойынша мониторинг жүргізіліп, іс бақылауға алынған. Дегенмен, Арыс қаласының 7600 тұрғын үйінің әйнектері сынған, 80-85% үйлердің шатырына зақым келген.