Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Сәрсенбі, 04 Қараша 2026 11:59

Кентау: Қарнақ ауылында ұлттық құндылыкты дәріптуге арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және Қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысының, Түркістан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының, Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағының негізі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – ұлттық тәрбиенің қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүр мен рухани мұраны дәріптеу және ұлттық болмысты сақтау мәселелерін талқылау. Тағылымды жүздесу барысында ұлттық тәрбие, ана тілінің мәртебесі, қазақ тілін құрметтеу және күнделікті өмірде қолдану, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні, отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ұрпақ сабақтастығы, ұлттық сана мен жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.

Оразкүл Асанғазықызы өзінің өмірлік тәжірибесі мен қоғамдық қызметі барысында жинақтаған ойларын ортаға салып, ұлттың болашағы ең алдымен тілге, тәрбиеге, ұлттық санаға және отбасындағы өнегеге байланысты екенін атап өтті. Әсіресе ана тілінің ұлт болмысын қалыптастырудағы орнына тоқталып, тілді сақтау – тек сөзді сақтау емес, ұлттың дүниетанымын, тарихын, мәдениетін және рухани жадын сақтау екеніне назар аударды.

Сонымен қатар жастар тәрбиесі, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, ұлттық құндылықтарды заманауи қоғам жағдайында дәріптеу, дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізу және әр азаматтың ел мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде мазмұнды пікірлер айтылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тіл, тәрбие, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ болашағы төңірегінде еркін пікір алмасты. Мұндай тағылымды кездесулер – ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпақпен сабақтастырып, ұлттық сананы жаңғыртуға жол ашатын маңызды алаң.

Қоғамның болашағы бүгінгі ұрпағына берген тәрбиесімен тікелей байланысты. Адамның бойындағы адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жауапкершілік, еңбекқорлық секілді қасиеттер отбасында қалыптасып, кейін мектепте, қоғамдық ортада жалғасын табады. Әр халықтың ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзіндік тәжірибесі мен қалыптасқан құндылықтары бар. Қазақ халқы үшін тәрбие тек баланы белгілі бір ережеге үйрету емес, оны елін, жерін, отбасын қадірлейтін, өз ісіне жауап бере алатын азамат етіп қалыптастырудың тұтас жүйесі болған.

Қазақ қоғамында бала тәрбиесіне әулеттің үлкендері де ерекше көңіл бөлген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөздің өзі тәрбиенің ең алдымен отбасындағы үлгіден басталатынын аңғартады. Бала ата-анасының айтқанынан гөрі жасаған ісіне көбірек еліктейді. Үйде үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге қамқорлық жасалса, бала да осы әрекеттерді табиғи түрде бойына сіңіреді. Сондықтан ұлттық тәрбиенің өзегі – құр сөз емес, күнделікті өмірдегі өнеге.

Қазақтың дәстүрлі тәрбиесінде үлкенді сыйлау ерекше орын алған. Үлкеннің батасын алу, үлкенге төрден орын беру, сөзін бөлмеу, жөн сұрау, сәлемдесу сияқты қарапайым әрекеттер адамның мәдениетін көрсететін маңызды белгілер саналған. Бұл қағидалар адамның жасына ғана емес, оның қоғамдағы өзара қарым-қатынасқа жауапкершілікпен қарауын. Қазіргі заманда қарым-қатынас түрлері өзгергенімен, осы құндылықтардың мәні жоғалған жоқ. Керісінше, адамдар арасындағы сыйластық пен әдептілікке деген қажеттілік бұрынғыдан да маңызды болып отыр.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 34 рет
Super User

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Super User

© 2020, "AQ-QARA.KZ" ақпараттық агенттігі

Директор-бас редактор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Байланыс телефоны: +77025361474

E-mail: dauren-tm@mail.ru


Пайдаланушылық келісім