Күн тәртібіне сәйкес, қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е. Алғабай нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу бағытында атқарған жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, Хантағы ауылының әкімі Ж. Қожахмет нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша 2026 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы баяндама жасады. Кентау қаласы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж. Жақаев баяндады.
Жиын барысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, мәдени және спорттық іс-шаралардың санын арттыру, сондай-ақ білім беру мекемелерінде жауапты мамандардың қатысуымен профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізілді. Жиын қорытындысы бойынша штаб төрағасының орынбасары Б. Әбенұлы тиісті мекеме басшыларына нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды күшейту, жастармен жүргізілетін алдын алу шараларын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат