Сенбі, 27 Қараша 2021 13:16

Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық өз туыстарын тапты

Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық жігіт өз туыстарын тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне оның әпкесі Элизабет Азиз айтып берді.

Америкалықтар асырап алған қазақстандық Андрей Шаталин өзінің биологиялық ата-анасын іздеп жүргені туралы алғашқы жарияланымымыздан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Андрей Шаталиннің анасымен және туыстарымен таныс екендіктерін жазған.

Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі ақпаратты растаған Элизабет Азиз есімді әпкесімен хабарласты.

«Біз оның туған отбасын таптық, көмектескендеріңіз үшін рахмет», - деп жауап берді Элизабет Азиз.

Бұрын қыз оның биологиялық анасы қайтыс болуы мүмкін деп айтқан, бірақ ол өзінің ағасы Андрей Шаталиннің отбасын немесе бауырларын, әпкелерін іздеген болатын.

«Менің ағам да, мен сияқты асырап алынды. Ол 2005 жылы асырап алынды. Оның туған кездегі есімі - Андрей Шаталин. Ол шамамен 13-19 қазанда дүниеге келген. Әр құжаттағы күн әр түрлі. Бізде оның биологиялық анасы Наталья Алексеевна Шаталина туралы ақпарат бар. Ол шамамен 1973 жылы дүниеге келген және 2012 жылы қайтыс болған-мыс. Құжаттарда оның Андрейге дейін тағы бір баласы болғандығы айтылған, сондықтан біз ол туралы және басқа да ықтимал ағалары мен әпкелері туралы білуге тырысамыз», - деді Элизабет Азиз ҚазАқпарат тілшісіне.

Қыздың айтуынша, оның ағасы Астана қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан - авт) дүниеге келген, содан кейін оны Манас көшесіндегі ауруханада қалдырған. Кейін оны елордадағы мамандандырылған балалар үйіне тапсырды.

«Оның анасы Ақмола облысының Степногор қаласында туған. Туу туралы куәлікте туған әкесінің аты жоқ. Сондай-ақ, біз Андрейдің биологиялық анасының отбасы мүшелері туралы ақпарат табуға тырысамыз. Кейбір мәліметтер бойынша, Андрей жартылай орыс, жартылай қазақ», - деді Элизабет Азиз.

Еске сала кетсек, америкалықтар асырап алған қазақстандық жігіт өз туыстарын іздеп жатқаны туралы хабарланған болатын.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 9896 рет