ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН НЕСИЕ АЛУҒА 300-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН

Шымкентте биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті.

Жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары бүгін кезекті комиссия отырысында қаралды. Жиында шағын несие алуға үміткер 40 азаматтың бизнес-жобалары тыңдалды. Нәтижесі бойынша хаттама түзілуде. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал бағу мен сауда-саттық дүкендерін ашу идеяларын ұсынуда.

Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады.

Таяуда кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы ақша қаражаты; республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік; жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері; жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері; бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері; мамандандырылған техникалар қабылданады.

Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтармен https://www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.

Шымкентте өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.

Мекен-жайы: Қонаев даңғылы, 3/3

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 79,6 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

«Егін жинау науқаны және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы, бүгінгі меди-алаңымыздың спикерлері: ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы және «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қаттабеков Ерлан Нұрланұлы ақпараттармен бөлісті.

Осы жылы егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, жүргізілген әртараптандырудың нәтижесінде: дәнді-дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары-3,1 мың га жерге орналастырылды.

Егіс көлемінен ағымдағы жылы 87,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда,жалпы 79,6 мың тн. өнім жиналды.

Атап айтсақ, дәнді дақылдар-16,9 мың тн., майлы дақылдар 2,9 мың тн., көкөніс пен бақша-40,6 мың тн., картоп-4,8 мың тн., мал азықтық-14,4 мың тн..

2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында:

- минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 52 000,0 мың теңгеге 467,5 тонна тыңайтқыш субсидияланды.

- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда 4 000,0 мың теңгеге бірінші ұрпақ будандарының 60,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

- пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 44,3 тонна жеңілдетелген бағамен берілетін жанар-жағармай бөлініп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 245 теңгеден босатылуда.

Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын дайындығы 93 пайызды құрап күзгі жиын-терім жұмыстарына толығымен жұмылдырылды.

 

ШЫМКЕНТ: ГРАНТТЫҢ КӨМЕГІМЕН БИЕ САУЫП, ҚЫМЫЗ САТЫП, МАЛ БАСЫН АРТТЫРДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны Құдайберген Иманалиев спорт жаттықтырушысы болған. Алайда, жылқы малына деген қызығушылығы басым түсіп, 7 баланың әкесі былтыр мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатына екі бие сатып алады. Көпбалалы отбасы содан бері бие сауып, қымыз сатуды кәсіпке айналдырған. Бүгінде қорасында мал басы да артқан.

-Жылқы малы – төрт түліктің төресі. Ұл-қыздарымның несібесі болса керек, кәсібім тұрақты табыс әкелуде. Бие сүті көрші-қолаңнан да артылмай жатыр. Қымызын қаладағы ұлттық тағам әзірлейтін мейрамханалар сатып алады. Ұлым тіпті мал дәрігерлігіне оқуға түсті. Бұйырса алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсіпті кеңейтпек ойымыз бар, - дейді Құдайберген Иманалиев.

Жалпы, Шымкентте былтыр 1195 азамат 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат оң қорытынды алды.

2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап III-лек бойынша өтінім қабылдау басталды. Қазірдің өзінде 300-ден астам азаматтан өтінім түскен. Үміткерлердің бизнес-жоспарларын әлеуметтік әлеуетіне қарай тәуелсіз комиссия құрамы іріктейді. Комиссия мүшелері қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралған. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн режимінде 11-22 қыркүйек күндері аралығында қабылданады.

Айта кетейік, биыл Шымкентте әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6000-ға жуық азаматтан өтінім түсіп, 228-не оң шешім қабылданды.

2023 жылдың 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-легі бойынша өтінім беру басталады.

ШЫМКЕНТТЕ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТҚАН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына 12 адам жұмылдырылған. Тұрғындардың өтініші бойынша мердігер компания кіреберісті де реттеп бермек.

Үй комитетінің төрайымы Шарапат Жүсіпбекова зейнеткер 3 жылдан бері үй комиттетінің төрайымы қызметін атқарып жүр. Осы үйде 9 жылдан бері тұрады.

"Күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындармен бірлесе 2021 жылдан әрекет жасадық. Бұл үйдің жөндеу көрмегеніне 51 жыл болған екен. «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне барып өтініш жаздық. Сонымен, биыл модернизацияға іліндік. Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Біздің ұсыныстарымызды ескеріп, жұмысты сапалы атқаруда. Кіреберісімізді де ақысыз істеп бермек. Жалпы жергілікті бюджет бағдарламасы болғаннан кейін қайтарымды несие қаражатының пайызы жоқ. Осы жағы да бізге қолайлы болып отыр, – дейді 40 жыл ұстаз болған зейнеткер.

Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және артқы фасады ретке келтіріліп қойған. Енді он күннен кейін тұрғын үй жаңа кейіпке енбек. Шаһарда тозығы жеткен үйлерді жаңғырту жұмыстары осылайша кезең-кезеңімен атқарылуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары да қолға алынған.

 

«QAMQOR» ӨҢІРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШТЕР 25 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкентте өңірлік «Qamqor» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр. Бағдарламаға дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, күтушілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері, журналистер, мемлекеттік мекемелер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады. «Qamqor» бағдарламасының қатысушылары порталдағы жеке кабинеттерінде жинаған ұпай санын өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң келесі күні көре алады. Қатысушылардың төлем қабілеттілігі тексеріліп, 20 млн теңгеге дейін тұрғын үй алу үшін несие беріледі.
Бағдарламаға құжат қабылдау басталғалы бері конкурсқа қатысушылардың бірқатарының құжаты кері қайтарылған. Мұның себебін «Отбасы банк» АҚ Шымкент филиалының директоры Дәурен Саудабаев түсіндірді.
– Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен бағдарламаға қатысушыларға жас шектеуі қойылмайды. Бірақ бағдарламаның өзіндік талаптары бар. Бұл өңірлік бағдарлама болғандықтан конкурсқа қатысушылар Шымкент қаласында тұруы және жұмыс істеуі шарт. Сондай-ақ республика аумағында атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Бұл талаптарға сай келмеген жағдайда бағдарлама автоматты түрде құжатты қабылдаудан өткізбейді. Яғни мұндай мәселелерге Тұрғын үй басқармасының қатысы жоқ. Шарттары мен талаптары бағдарламада толық жазылған. Шымкент қаласының тұрғындарынан «Qamqor» жаңа өңірлік бағдарламасына қатысу туралы өтініштер 25 қыркүйекке дейін қабылданады. «Отбасы банк» жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдап, ұпайларды санап, әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастырады. Банк бұл процесті «Баспана маркет» порталында цифрландырады. Яғни, бағдарламаға қатысушылар туралы барлық деректер автоматтандырылған жүйе арқылы тексеріледі. Бұл бағдарлама қатысушыларының пулын қалыптастырудағы адами факторды жойып, ұпай санау уақытын қысқартады. Өтінім қалдыру үшін бағдарламаға қатысушылардың «Отбасы банкінде» шоты болуы шарт. Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған азаматтар енетін болады. Ұпайлар санына некеде тұрған жылдар саны, балалардың саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және «Отбасы банкінде» үміткердің депозиті бар-жоқтығы ескеріледі,–деді Д.Саудабаев.
Өңірлік бағдарлама биыл алғаш рет бастау алып отыр. Конкурсқа қатысушылар тарапынан 20 млн заем сомасы аз, ал нарықтағы үй бағасы қымбат деген пікірлерде айтылуда. Әйткенмен конкурсқа құрылыс компаниялары «Qamqor» бағдарламасының талаптары мен бағасына сай келетін пәтерлерді ұсынып отыр.
Айта кетейік, өңірлік жобаға 3 млрд теңге қаржы қаралған. Яғни бағдарлама аясында 150 отбасы пәтерлі болмақ.

ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ ЖУЫҚ ЕРЕКШЕ ЖАН ТАРИХИ ОРЫНДАРДА БОЛДЫ

Шымкент қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін жастар Цитадель көне қалашығына экскурсия жасады. Игі іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру.

Экскурсияда кешеннің бұқаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушысы Арайлым Ералы жастарға көне қалашықтың тарихын баяндап, ерекше жәдігерлерімен таныстырды.

—Кезінде осы жерді мекен еткен тұрғындар құмыра жасау өнерімен, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Егіншіліктің арқасында тары өңдеу, бидай сынды әртүрлі дәнді-дақылдарды өсіріп, астық жинаған. Ысарыпшылдық болмасын деген мақсатпен мал сүйектерін саз-балшықпен араластырып, адамдар жүретін сүйек жолдар істеген, – деді Арайлым Бақтиярқызы.

Ерекше жандар ары қарай «Жеті тандыр» дәмханасынан дәм татып, Бәйдібек би ескерткішіне ат басын бұрды.

Онда «Тарихи-өлкетану» мұражайымен танысты.

—Қаламыздың көрікті жерлеріне саяхаттауға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Әр дүниені көзбен көріп, тамашалап жүрген балаларымыз дән риза. Мұнда «Жігер», «Көркем», «Ерекше жол», «Рахмет саған, анашым!» деп аталатын төрт топтан құрылған жастар саяхаттауда.

Олардың өмірге деген құлшынысы арта түсті, – деді «Рахмет саған, анашым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Кенжетаева.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтан 100-ге жуық ерекше жандар экскурсияға шықты. Алдағы уақытта іс-шаралар кешенінде арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті оқыту курстары, экускурсиялар, үстел теннисі мен шахматтан турнирлер, қолөнер көрмесі мен шығармашылық кештер ұйымдастырылады. Бұл ерекше жандардың өздерін жан-жақты толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.

ШЫМКЕНТ: 15 ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары да қолға алынған.

Солардың бірі – Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Мердігер мекеменің өкілі Нұрлан Әлінің айтуынша, құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы 12 адам жұмылдырылған. Тұрғындардың өтініші бойынша мердігер компания кіреберісті де реттеп бермек.

Үй комитетінің төрайымы Шарапат Жүсіпбекова мердігер мекеменің жұмысын көңілдерінен шығып жатқанын айтады. Зейнеткер 3 жылдан бері үй комиттетінің төрайымы қызметін атқарып жүр. Осы үйде 9 жылдан бері тұрады.

– Күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындармен бірлесе 2021 жылдан әрекет жасадық. Бұл үйдің жөндеу көрмегеніне 51 жыл болған екен. «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне барып өтініш жаздық. Сонымен, биыл модернизацияға іліндік.

Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Біздің ұсыныстарымызды ескеріп, жұмысты сапалы атқаруда. Кіреберісімізді де ақысыз істеп бермек. Жалпы жергілікті бюджет бағдарламасы болғаннан кейін қайтарымды несие қаражатының пайызы жоқ. Осы жағы да бізге қолайлы болып отыр, – дейді 40 жыл ұстаз болған зейнеткер.

Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және артқы фасады ретке келтіріліп қойды. Енді он күннен кейін тұрғын үй жаңа кейіпке енбек. Абай ауданы әкімдігі тұрғын үйдің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Шаһарда тозығы жеткен үйлерді жаңғырту жұмыстары осылайша кезең-кезеңімен атқарылуда.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ БОЗАРЫҚ САЯЖАЙЫ: 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Бозарық саяжайында бүгінде 8000 мыңнан аса халық тұрады және осыған орай 2 120 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, аталған мекенде 1 мектеп, 4 балабақша, 2 спорт алаңшасы орналасқан және жаңадан 1 спорт мектебінің құрылысы жүріп жатыр.

Саяжай аумағында 74 көше бар, оның 13-і асфальтталған, 56-сына шағал тас төселсе, 5-еуі тас жол. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде үкіметке тапсырма берген болатын. Сондықтан биыл Бозарық саяжайының 17 көшесіне асфальт төселуде. Атап айтқанда Егеменді Қазақстан,Наркескен,Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өңір, Ерлік тау, Сұлутау, Көрімдік, Арғанаты, Бұғынай, Бұрма, Шідерті көшелерінің асфальттау жұмысы аяқталып, қолданысқа берілді. Аз күнде Қалқаман-Мамыр, Құдырет көшелері бітуге таяу.

Мұнан басқа Бозарық саяжайында 2024 жылы 14 көше, 2025 жылы 22 көше асфальтталады деп күтілуде.

Мұнан бөлек Бозарық саяжайында ауызсу, газ құбырын тарту, электр жүйесіне қосылу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәселен, 2023-2024 жылдар аралығында 3 кезең бойынша құны 4,5 млрд теңге болатын жоба арқылы Бозарық саяжайы тұрғындары толықтай ауызсу, газ және электрмен қамтылады.

Яғни 1-кезектегі жоба құны: 1,7 млрд.тг. Жоспарға сәйкес 305 абонент ауызсумен, 305 абонент электрмен, 1091 абонент газбен қамтамасыз етілмек. 2-кезектегі жоба құны 0,8 млрд.тг, мұнда 445 абонент ауызсумен, 401 абонент газға қол жеткізеді. Ал 3-кезектегі жоба құны 1,9 млрд.тг, осыған орай 702 абонент ауызсу, 702 абонент электр, 700 абонент табиғи газ тұтынуға мүмкіндік алады.

Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.