Сенбі, 18 Қараша 2023 18:26

Түркістан тұрғындары көтерген мәселелер шешімін табуда

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков сектор тұрғындарымен кезекті кездесуін аяқтады. Нәтижесінде тұрғындардың өтініші бойынша 143 тапсырма беріліп, орындалуы бақылауға қойылды.

Секторларда жеке мәселелерімен 26 тұрғын әкімнің қабылдауына кірді. Көтерілген сұрақтар мен айтылған өтініштерді заң аясында зерделеп, орындауға 40 тапсырма бекітілді. Қазіргі таңда оның 15-і жүзеге асып, бақылаудан алынды.Қала әкімі жыл басынан бері тұрғындармен түрлі деңгейде 96 кездесу өткізді. Онда берілген 925 тапсырманың 873-і жүзеге асып, қалған тапсырмалар қаржы қажет етуіне байланысты қаланың даму жоспарына енгізілді.

Орындалған тапсырмаларға келер болсақ, тұрғындардың өзекті деген бірқатар мәселесі шешімін тапты. Мәселен, «Бекзат» мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағы мен Түрік ауылы аумағына жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынуда. Одан бөлек, биыл 15 балалар ойын алаңшасы футбол алаңшасымен бірге салынса, 10 балалар ойын алаңшасы тұрғындар игілігіне берілді.

Өткен жылғы көрсеткіштер бойынша Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шақырымды (39,5 %) құраған. Биыл аталған көрсеткіштерге едәуір өзгеріс енді. Жыл басынан бергі орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде асфальт жолдың үлесі – 399,34 шақырымға (47,2%), тас жолдың үлесі 445,6 шақырымға (52,8%) жеткен. Көрсеткіштер бойынша, 48 көше орташа жөндеуден өтіп, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би - О.Жарылқапов аралығындағы жол мен Қалаби көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 221 мыңға адамға жетті. Өзіндік кірістердің көлемі өткен жылдың қорытындысымен 15 млрд. теңге болса, 2023 жылға 17,8 млрд. теңге болып, өсім 18,7% пайызды құрады.

Жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысымен 319 млрд. теңгені құрады. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы қалаға 304,9 млрд. теңге инвестиция тартылған. Биыл инвестиция көлемі 348,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. Қалада «TURKISTAN» индустриалды аймағы жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 19 жоба орналасқан. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Өткен жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1451 мың адамға жетті. Жыл басынан бері үш айдың ішінде Түркістанды тамашалауға келгендер саны 130,5 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4% өсті. Бүгінде Түркістандағы орналастыру орындары – туристер тұру үшін және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер және басқа да ғимараттар мен құрылыстар саны 57-ге жетті. Ірі жобалар іске қосылып, туризм саласы жаңа қарқын алды. Бірнеше саябақ пен қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары ашылды.

Биыл Түркістан қаласында жалпы көлемі 400 мың шаршы метрден асатын 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 59 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі, 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден ипотекаға беріледі. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 15864 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. 2022 жылдың қорытындысымен 3155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде ипотекамен 2683 пәтер, көп балалы отбасыларға 544 пәтер, әлсіз топтағы азаматтарға 244 пәтер тапсырылды. Қала аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында 7 мектептің құрылысын 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Оның үшеуінің құрылысы басталып кетті.

Түркістан қаласында қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 210 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 86 автобус алынған. 2023 жылы Түркістан қаласына тасымалдаушы мекемелер есебінен 46 жаңа автобус алу жоспарлануда. Жаңа автобустар алынған жағдайда жаңадан №16 бағыттын ашу, сондай-ақ №4, 4а, 2а, 9, 9а бағыттарындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары 46 автобустарға ауыстыру жоспарланған. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 123,1 шқ құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4 пайызға жетті (485 көше, 618,6 шқ). 2023 жылы Түркістанның жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 86,5 пайызға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта нысан бойынша құрылыс жұмыстары 132,8 шқ құрайтын 134 көшеде аяқталды. (Оның ішінде қосылғаны 113 көше – 109.5 шқ). Қалған  144,4 шақырымды құрайтын 138 көшеде құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.

Өткен жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын. 2023 жылдың қорытындысымен, орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, 399,34 шқ. (47,2%) асфальт жол,  445,6 шқ (52,8%) тас жол құрайтын болады. Өткен жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 48,6 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта соның 17,1 шқ құрайтын 18 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, өткен жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы бастау алған. Олар: Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі  4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.

2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда оның 16,7 шақырым құрайтын 22 көшесінде құрылыс аяқталды. Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің санымен сапасын арттыру мақсатында қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда 56 шақырымды құрайтын 65 көшеге тас төселген. 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 65,7 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2 пайызғажетеді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында сарқынды су желісі – 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км,  ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құрайды. Түркістан қаласында – 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12297 аішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы  іске қосылған. Қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 15 жоба іске асырылуда. Қазіргі таңда, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады, 6 нысан республикалық бюджетке  қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 90%,  ал нақты 2023 жылдың соңына дейін 40%  сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 224 рет