Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024 14:38

Саурандық кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқылы 10 адамды жұмыспен қамтыды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, Түркістан облысында халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.

Бүгінде ауданында бағдарлама аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінің кәсіпкері Альберт Муслимов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 7 млн теңге несие алып, кәсібін бастаған. Кәсіпорын иесі өзінің шағын цехында кондитерлік өнімнің 10 түрін шығаруда.

Тәтті нандарды пісіруге арналған технологияны Ираннан арнайы алдыртқан. Кондитер пісірушінің өзін жол шығындарын көтере отырып, сол елден шақырған. Ол ең бірінші кезекте 10 күннен аса уақыт ауыл азаматшаларына тәтті пісірудің тәсілдерін үйреткен.

Қазіргі таңда аталған цехта жергілікті 10 тұрғын жұмыс істейді. Тәтті нандарды пісіруге ең қажет шикізаттың бірі – сүт болғандықтан, кәсіп иесі оны ауыл ішіндегі сүтті бағытпен айналысатын отбасылардан сатып алады. Кондитер иесі енді цехты кеңейтіп, жұмысшы санын 20-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

Оқылды 217 рет