Биыл 30 нысанды абаттандыру жоспарлануда. Оның ішінде 15 жоба балалар ойын алаңдарын салуға бағытталған. Ойын алаңдары Нұрсәт шағын ауданы № 1, 159, 135 А, Б, В үйлер ауласында, Нұрсәт тұрғын алабындағы № 7 Б, 20 үйлер ауласында, Сайрам тұрғын алабы Тассай бөлімшесінде, Мирас шағын ауданы Қасқасу және Жеті қоңыр көшелерінде салынады.
Сондай-ақ ойын алаңдарын Тұран шағын ауданы Жаңақұрылыс № 1 үйде, Нұртас шағын ауданы Байтас көшесінде, Достық тұрғын алабында, Бозарық саяжайы Балхадиша көшесінде, Мирас шағын ауданы Қарабура мен Әлем көшелерінде және Бозарық саяжайы Қорғас көшесінде салу көзделіп отыр.