Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:12

«Ынытмақ шеруі» жобасы аясында Түркістан облысына Жетісулық делегация келді

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 40-қа жуық мүшелері «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында Түркістан облысына және Шымкент қаласына келді. Құрамында ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және журналистер енген жетісулық делегацияны кеше Түркістандықтар ерекше ықыласпен қарсы алып, Отырар ауданындағы және Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарымен таныстырды.

Қонақтар алдымен Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өзара тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы ассамблея мүшелерімен кездесті. Кездесуде алматылық делегацияға облыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды. Өз кезегінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай көпшілікті Түркістан облысының құрылуымен және Шымкент қаласының республикалық мәртебеге ие болуымен құттықтап, «Ынтымақ шеруі» жобасы ның маңызына тоқталды. 

- Алматылық ассамблея мүшелері оңтүстік өңірдегі оңды істермен танысып, тың бастамаларға куә болып жатыр. Елдің берекелі бірлігін нығайтуға бағытталған игі іс-шаралар аз емес екен. Мемлекет басшысы айтқандай елдің берекелі саналады. Осы бағытта Түркістан облыстық және Шымкент қалалық ассамблея мүшелерімен бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісіп отырмыз, - деді Ғабит Тұрсынбай. 

Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Людмила Хочиева өңір тұрғындарының ерекше ықыласына алғысын білдіріп, оңтүстікте өзгелерге үлгі болатын игі бастамалар көп екенін жеткізді. Іс-шарадан кейін Алматы облысының этномәдени бірлестіктері жанындағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 999 рет