Мамандар даярлау бойынша арнайы дәрісханалар көрнекі құралдармен, қару-жарақ үлгілерімен және әдістемелік нұсқаулармен жабдықталған. Әр пәнге арналған бағдарламалар мен Силлабустар қазіргі таңдағы ТМД мемлекеттерінде және дүние жүзіндегі қақтығыстарда қолданылып жатқан ұрыс жүргізу тактикаларын ескере отырып енгізілген. Ал, әскери-есептік мамандықтар штаттық қару-жарақтармен және әскери техникалармен жабдықталған. Әскери ұрыс жаттығу жиындарына арналған аумағы бір гектарды құрайтын қалашықта тактикалық алаң, атыс даярлығы қалашықтары, тағы басқа нысандар көрнекі құралдармен қамтылған. Жаңа әскери кафедраның оқытушы құрамы алдағы әр үш жыл сайын біліктілік курсынан өтіп тұрады. Кафедраның ашылу салтанатына белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден, университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы, тиісті сала мамандары қатысты.
Айта кетейік, аталмыш оқу ордасында жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді. Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы – 1000 шаршы метрді құрайтын студенттер үйі 5 қабаттан тұрады. Ғимарат барлық заманауи талаптарға сай.