Бейсенбі, 02 Мамыр 2024 12:10

Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алып келеді

Отырар аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақовтың төрағалығымен сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті.

Сессия отырысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлімдердің, аумақтық ұйымдардың басшылары, ардагерлер кеңесінің, Қоғамдық кеңестің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның қарауына 10 мәселе енгізіліп, қаралды. Алдымен күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан басшысы өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есеп берді.

Айта кету керек, 2023 жылы аудан бюджетінің кірісі 8 млрд 981 млн 445 мың теңгені құрады. Оның ішінде жергілікті өзіндік кірістер жоспары 2 млрд 646 млн 911 мың теңгеге бекітіліп, жоспар толығымен орындалған. Соның ішінде ауданды газдандыру жұмыстары қарқын алып келеді. Мәселен, 2025 жылға дейін 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған болса, бүгінде 21 елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізіліп аяқталды. 2023 жылы 19 елді мекенге табиғи газ берілген.

Жиын барысында депутаттар баяндамаға қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Сондай-ақ, сессия жұмысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай, аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Олжас Жандарбековтер хабарлама жасап, мәселелерге қатысты туындаған сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар сессия барысында аудандық мәслихат төрағасы аудандық мәслихаттың 2023 жылы атқарған жұмыстары мен оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп берді. Төрағаның айтуынша 2023 жылы аудандық мәслихаттың жалпы саны 11 сессиясы өтіп, 55 мәселе қаралған. Оның ішінде аудандық бюджетке 3 рет және ауылдық округтердің бюджеттеріне 2 рет өзгерістер енгізілсе, ауданның 2022 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есептері қаралған. Бұдан өзге де түрлі салалар бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталып, тиісті шешімдер қабылданған. Бұдан бөлек мәслихат төрағасы әр аптаның сәрсенбі күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, күні бүгінге дейін тіркелген 18 арыз-шағымның ішінде 3 өтініш тиісті салалары бойынша жауапты мекемелерге жолданған. Қалған ауыз су, көше, жарықтандыру, газ және басқа да жеке мәселелерге қатысты 15 өтініш қанағаттандырылған.

Сессия жұмысының соңында аудан әкімі депутаттық корпусқа ағымдағы жылы сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп алдағы жылы ауданның әл-ауқатын арттыруға жұмыстанатынына сенім білдірді.

Осы тұста Отырар ауданының әр салалардағы даму көрсеткіштері туралы азды-кем айта кетсек. Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Құдайға шүкір жаман емес. Барлық салада ілгерілеушілік бар. Көп жағдайларда жоспарды асыра орындап жатырмыз деп мақтанышпен айта аламын. Былтырғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 91 млрд 973 млн 963 мың теңгені құрап, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 66 млрд 779 млн 600 мың теңгеге немесе 137,7-% ға артық орындалды.

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі - 24 млрд 948 млн 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 152,2 пайызға артты. Бөлшек сауда көлемі – 4 млрд 059 млн 227 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 101,9 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 18 млрд 849 млн 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 108,0 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 613 млн 600 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 249,0 пайызға, іске қосылған тұрғын үйлер 18 657 шаршы метр, нақты көлем индексі – 109,1 пайызға, Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35 млрд 503 млн 700 мың теңге болып, нақты көлем индексі 104,2 пайызға орындалды.

Аудан бюджетінің кірістер жоспары 15 млрд 799 млн 957 мың теңгені құрады. Жергілікті өзіндік кірістер жоспары 1 млрд 800 млн 651 мың теңге болып бекітілген, орындалуы 1 млрд 876 млн 962 мыңға теңгеге жетіп, 104,2 % ға немесе 76 млн 311 мың  теңгеге артық орындалды.

Аудан бюджетінің шығыстар жоспары 15 млрд 799 млн 957 мың теңге болса, орындалуы 15 млрд 613 млн 398 мың теңгені құрап, бюджет 98,8 пайызға орындалды. 2023 жылы ауданның өзіндік кірістері 2 млрд 80 млн 425 мың теңгеге немесе 2022 жылмен салыстырғанда (айырма 259 млн 546 мың теңге) 15,6 пайызға ұлғайтылып бекітілді.

Отырар ауданының халқы сонау Кеңес заманынан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатыр. Осы салаға әбден бейімделген бейімделген. Отырар ауданы сол замандарда әсіресе жүгері өсірумен өңірімізге танымал болатын. Бүгінде де бұл дәстүр өз жалғасын тапқан. Халықтың дені ауыл шаруашылығымен, соның ішінде егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысады.

Бүгінде Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы егіс көлемінің 2022 жылғы жоспары 34 844 гектар болса, орындалуы 36 195 гектарды құрап, егіс көлемі 1351 гектарға артқанын айта кетейін. Яғни, бұл тұста өсім бар деген сөз. Сондай-ақ, 2022 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің жоспары 33,4 млрд теңге болса, жыл көлемінде жиналған өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы өнімдерінің есебінен орындалу 35,5 млрд теңге жетіп, нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады (оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,4 млрд теңге, мал шаруашылығының өнімі 13,8 млрд теңге). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 4,4 млрд теңгеге артқан (2021 жылдың 12-айында 30,1 млрд теңге).

Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.

Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды.

Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жоспары 3,0 млрд теңге болса, жыл қорытындысымен 8,8 млрд теңгеге орындалып, жоспар 3 есеге артығымен орындалды. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлемінің жоспары 380,2 млн теңге болса, орындалуы 100 пайызды құрады. Меніңше, бұл өте жақсы көрсеткіш.

Енді, мал шаруашылығына келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысымен мал басының өсімі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда өскен. Атап айтсақ: мүйізді ірі қара 59 927 бас немесе 101,4 пайызға, уақ мал 408 089 бас немесе 105,8 пайызға, жылқы 19 445 бас немесе 106,3 пайызға, түйе 9 700 бас немесе 101,6 пайызға артқан.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Бұл бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Таяуда осы мәселеге байланысты, яғни, Отырар ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және анықтау бойынша комиссиялардың көшпелі отырысы өтті. Сол жерде бұл мәселе жан-жақты талқыланған болатын.

Жалпы, Отырар ауданында агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 га (оның ішінде:суармалы 8191,7 га, жайылым 154 512,11 га) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды. Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 га жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың га).

Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың га ортақ мал жайылым жерлер бар.  2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың га жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.

Бүгіндері Отырар ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 109 гектарды құраса, оның ішінде: суармалы жерлер — 43492 гектар; жайылымдық жерлер — 594 890 гектар; шабындық жерлер — 1294 гектар, көп жылдық екпелер 433 гектар болып отыр. 2022 жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде мақсатына сай пайдаланылмаған 79,1 мың гектар (оның ішінде: 4142,0 гектар — суармалы, 74708,0 гектар — жайылым, шабындық — 204 гектар) жерге шығарылған қаулылардың күші жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған.

Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы қолда ұсталатын мал басының саны артуына байланысты елді мекендерде 317 189 гектар ортақ мал жайылым жерлерге қажеттілік туындап отыр. Қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 140,0 мың гектар, 2024 жылы 89,1 мың гектар, 2025 жылы 90,2 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылымына беру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 67,5 мың гектарды құрады.

Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы — 8191,7 гектар, жайылым — 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды. Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 гектар жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар болған). Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлер бар. 2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.

Орайы келгенде айта өтейік, Отырар ауданының Даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 гектарға ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеру жоспарланып отыр. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар өңіріміздегі соңғы жылдардағы ағын су тапшылығын ескере отырып күздік бидай (2022 жылы егілгені 300 гектар болса, 2025 жылға 2600 гектарға жеткізу) егуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып 2025 жылға 4100 гектарға жуық алқапқа осы техналогияларды пайдаланатын болады. Нәтижиесінде 2025 жылға жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 50,0 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады. Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды.

Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). 5-елді мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмеген. Олар: Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл. 2022 жылы басталған Бестам (халық саны-151), Жанкел (халық саны-191), Ызакөл (халық саны-275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы 2023 жылы аяқталды. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны-352) елді мекеніне ЖСҚ әзірленген.

2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны-365) елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің  ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Газбен қамту мәселесіне келер болсақ, Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып,  бүгінде 22 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.  2022 жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенде газ құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда 12 елді мекендегі 2139 абонент (қосылуы-66 пайыз) табиғи газға қосылған (Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір е/м, халық саны-20759, абонент саны-3239).

2023 жылы 9 елді мекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария е/м, халық саны-16123, абонент-2681) табиғи газға қосылған жағдайда аудан халқының 72 пайызы (5981 абонент, 37113 тұрғын)  табиғи газбен қамтылды. 2024 жылы Қостүйін елді мекенін газға қосу жоспарлануда. 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елді мекеннің   жобалық-сметалық құжаты әзірленіп (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл е/м.  халық саны -14312, абонент-2243), 2025 жылға газ құрылысын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылуы 99,6 пайызға жетеді деп күтілуде.

Аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы – 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 543,93 шақырым (63 %). Облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шқ, қанағаттанарлық жағдайда 192,28 шқ (59%), аудандық маңыздағы жолдар-109,65 шқ,  қанағаттанарлық жағдайда 90,15 шқ (82,22%), ішкі көшелер-427,7 шқ, қанағаттанарлық жағдайда 261,5 шқ (62%).

Оның ішінде: асфальт көше 261,5 шақырым; тас көше 87,3 шақырым; топырақ көше 78,9 шақырым.2022 жылы 19,8 шақырым 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны -303,8 млн тг) жүргізілді.Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырым 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 млн) жүргізілді.

2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырым 10 ішкі көшеге (518,4 млн тг) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24.3 шақырым (417,9 млн.тг) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрап отыр.

Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жөнінде айтар болсақ, 2022 жылы Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесіне (45,176 млн.тг) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 млн.тг) пайдалануға берілді. 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 млн теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді (келісім шарт құны 72,576 млн теңге). Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсуде.

2023 жылғы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 млн. теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 млн. теңге бөлінді. Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны 72 млн. теңге). Ауданның кіре беріс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады (смета құны 45 млн. теңге).

Алдыңғы жылы Қоғам ауыл округі Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны 450 млн.теңге) құрылысы басталып, 2023 жылы пайдалануға берілді. Есепті жылы Балтакөл ауылындағы 200 орындық және Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйлері пайдалануға берілді. Аққұм, Шытты ауылдарындағы медициналық емдеу мекемелері ғимараттарының  тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, биыл құрылысын жүргізу көзделген.

Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3 175 тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 200,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары жүруде.

Аудан бойынша 1 мектептің құрылысын аяқтау, 1 мектеп құрылысын салу және 1 мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар. 2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алаптарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба іске асырылды:

- Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 114,2 млн. теңге) 2022 жылы ұлттық қор есебінен 102,7 млн. теңге қаралып, игерілді. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 11,5 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.

- Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (сметалық құны 350,8 млн. теңге);

- Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (сметалық құны 495,8 млн. теңге) мемлекеттік сатып алу конкурстары өтуде. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 443 жер учаскесі электр желісімен қамтылады.

Президент бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі.  «Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі» дегенді жиі айтамыз. Ол да негізсіз емес. Өйткені спорт адамға сергектік сыйлап, денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады. Оған қоса салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмас тәсіл. Біздің елімізде де спортқа көңіл бөліп, бұл саланы мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Әрине, қандай істе болса да мемлекеттің қолдауы аса қажет. Ол алдымен ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды талап етеді. Бұл мәселе бүгінгі кезеңде де күн тәртібінен түскен жоқ.

Бүгінгі таңда Отырар ауданында 3 спорт мектебі және 1 Отырар спорт клубы жұмыс жасайды. 2022 жылы «Отырар спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып (24 штат бірлігі бар (5 жаттықтырушы, 14 спорт нұсқаушы), тұрақты жұмыс жасауда. Жалпы спорт мектептерінде 19 спорт түрінен 227 үйірмеде 2707 балаға 116 жаттықтырушы жұмыс атқарады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында былтыр және алдыңғы жылдары аудан аумағында 165 (5 республикалық, 12 облыстық, 148 аудандық  деңгейдегі) бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 21855 адам қатысты. Бүгінде ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты  түрде шұғылданушылар саны 20 100 адамға жетіп, халық санына шаққанда спортпен шұғылданушылар 39,0%-ды құрады.

Былтыр аудан спортшылары спорттың 11 түрі бойынша Әлем, Азия, Республика, облыстағы чемпионаттар мен кубоктарға қатысып, жалпы 92–алтын, 94–күміс, 152–қола медаль жүлделерін жеңіп алды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 175 рет