Сондай-ақ Дәулетбек Андреевич әскерге шақырылушыларға қызмет өткеретін бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толым жиыны әкімшілігімен таныстырды.
- Мұнда сіз байланыс бөлімшесінің радиотелеграфисті, командалық пункттің планшетшісі, радиолокациялық станция операторы сияқты әскери мамандықтарды игересіздер. Барлығыңыз біздің бригада құрамында Отан алдындағы әскери борышты абыроймен орындайды деп үміттенемін. Алдыңғы буын сарбаздар, жауынгерлік дайындық бағдарламасында керемет нәтижелерге қол жеткізді. Олардың барлығы естелік сыйлықтармен, грамоталармен және ата-аналарына алғыс хаттармен марапатталды. Сіздерді де сондай нәтиже көрсетуге тырысады деп үміттенемін, - деп атап өтті бригада командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев.
Бөлім басшылығынан соң, сарбаздар казармалық үй-жайға барып, сол жерде жасалған жағдайлармен танысты, ал жиын басшылығы жас жауынгерлерге жаңадан алған әскери киімдерін ретке келтіруге көмектесті.
Жас толым алдағы төрт апта ішінде алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Осы уақыт ішінде олар саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігі негіздері бойынша бастапқы білім алады.
Оқу курсы атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындау үшін далалық оқу-полигонына шығумен аяқталады.