Сәрсенбі, 19 Маусым 2024 12:21

Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірнеше нысандарды аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында "САҚ " киностудиясына барып, мультфильмдер мен көркем фильмдерді әзірлеу жұмыстарымен танысты.

 

Шымкент мультипликаторларының жұмыстары көпшілік көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болып жүр.  Жалпы анимацияның басты мақсаты – жансыз затқа жан беру. Ал көрерменді қиял-ғажайыпқа сендіру үздіксіз еңбек етуді қажет етеді.  Әкім осындай жауапкершілік арқалаған  киностудия   қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстарын тамашалаған ол,  қазіргі таңда жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдірді.

Әкім киностудиядан кейін "Дары Сайрама" ЖШС зауытына атбасын бұрып, өндірісті аралап, консервіленген өнімдерді, қызанақ өсірілетін "Trade Agro Invest" ЖШС жылыжай кешені өндірісін  көрді.  Кездесу барысында серіктестік басшылары кәсіпорындардың қызметімен, даму жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасанда судың жоқтығына шағымданған Бозарық тұрғын алабы көшелерінің тұрғындарымен де кездесті.  Мәселенің мән жайына қаныққан әкім жұмыс жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкілдері мен аудан әкіміне су құбырын жүргізу жұмыстарының қарқынын жеделдетуді, сондай-ақ уақытша жол салуды тапсырды.

Ал жолдар барлық жұмыстарды кезең-кезеңімен аяқтағаннан кейін төселіп, ирригация жүйелері  орнатылатын болады.

Аралау барысы "ҚазКомАгро"ЖШС құс фабрикасында аяқталды. Мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал маусым кезінде қосымша 70-ке жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып тұрады.  Фабрика жұмысымен танысқан әкім ұжымға, кәсіпорын директорына қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

 

 

Оқылды 79 рет