Жексенбі, 14 Шілде 2024 17:23

Түркістанда ең үздік кітапханашы азамат анықталды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханашы азамат» байқауы өтті. Байқау шымылдығын облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Арыс, Бәйдібек, Созақ, Отырар, Жетісай, Келес, Түлкібас, Сарыағаш аудандарынан келген ер-азамат кітапханашылар екі кезең бойынша бақ сынады. Қатысушыларды облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапхана директоры Жанат Шардарбекова және «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің журналисті, ақын Бауыржан Ерман бағалады.

Нәтижесінде түлкібастық кітапханашы Нұрбол Нышанбай жеңімпаз атанып, республикалық «Жас кітапханашы» байқауына қатысуға жолдаманы иеленді. Сондай-ақ Отырар ауданының кітапханашысы Жасұлан Таменов І орын, жетісайлық Қуаныш Бахтиерұлы ІІ орын, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық кітапханасының қызметкері Ғазиз Смағұлов жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар байқауға қатысушыларға облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының атынан арнайы алғыс хат табысталды.

Айта кетейік, байқау мақсаты – көпшілік кітапханалардың кадрлық әлеуетін дамыту, ер азамат кітапханашы мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін арттыруға жәрдемдесу, кітапхана саласына ер азаматтарды тарту, шығармашылық бастаманы дамыту және жас кітапханашыларды ынталандыру.

Кітап оқуды дамыту – бұл қазіргі таңда кез-келген қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ, кітапхана қызметінің де негізгі бағытының бірі - кітап пен оқуды насихаттау. Алайда, соңғы бірнеше жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын едәуір бәсеңдетті. Әрине, бұл мәселе барлығына бірдей қатысты емес. «Кітап – ой кемесі» деп білетін кітап сүйер оқырман үшін кітап оқуды дамыту әрдайым өзекті тақырыптардың бірі.

Кітапта қанша игілік барын түсінсек те, кейде оны оқуға уақыт таппай жатамыз. Қиынсынамыз, енді бірде шабытымыз келіп барлық кітапты бітіріп тастауға бекінеміз. Алайда, кітапты оқу барысында кітапты сүзгіден өткізбей оқитындар да кездеседі. Кітапты қалай таңдау керек? Оны тұрақты оқу үшін не істейміз? Пайдалы ақпаратты қалай есте сақтаймыз?

Білім беру мекемесінің кітапханасы бүгінгі таңда оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту және ақпараттық қолдау орталығы, ал кітапхана қызметкерлері осы маңызды педагогикалық міндетті шешуде мұғалімдердің серіктесі болып табылады. Мектеп кітапханасы педагогикалық процестің басым орны, педагогикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Кітапхана мұғалімдермен бірге түрлі формалар мен әдістемелік тәсілдерді, педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолданады. Білім беру ресурстары мен кітапхана мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін  бірлескен бағдарламалар да жасалған.

Функционалдық сауаттылықтың бір түрі – оқу сауаттылығы. «Оқу сауаттылығы дегеніміз-оқушылардың жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау, олардың мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білім мен мүмкіндіктерді дамыту қабілеті. Оқу техникасы және мәтінді тура түсіну емес, мәтінді түсіну және рефлексия, оқылымды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдалану бағаланады».

Бүгінгі таңда жалпы білім беру мекемелеріндегі кітапханалардың маңыздылығы төмендеп қана қоймай, өзінің өзектілігін де жоғалтуда, өйткені, өкінішке орай, қазіргі әлемде оқитын жастар мен жасөспірімдердің жалпы деңгейі жылдан жылға әлдеқайда төмендеп бара жатқанын байқадық. Бұл тек адамзаттың эрудициясы мен сауаттылығына ғана емес, сонымен бірге адамның әлеуметтік жұмысына да тікелей әсер етеді. Осы мәселені мектеп кітапханалары қызметкерлерінің, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері шешуі керек.

Қазіргі компьютерлік технологиялар қарқынды дамыған заманда кітап пен оқуды насихаттау қиын. Сондықтан да жас ұрпаққа әсер етудің ерекше тәсілдері мен формаларын, балаларды кітапқа тартудың дәстүрлі емес әдістерін қарастырудың маңыздылығы арта түсуде. Мектеп кітапханасы әрқашан білім беру процесінің ажырамас бөлігі болды. Білім беру процесін ақпараттандыру кітапханамен тиімді жұмыс істеу үшін жаңа технологиялар мен бағдарламалық құралдарды пайдалануды талап етеді.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 22 қазандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі оқудың рөлін арттыру туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылдың қараша айынан бастап «Оқұға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы 2020-2025 жылдарға арналған оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп облыс мектептерінде жұмыстар жүргізілуде.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі – оқу сауаттылығын дамыту қарастырылған. Аталмыш жоба білім беру стратегиясының жалпыұлттық міндетін шешу үшін заманауи мектептің ресурстарын жандандыруға мүмкіндік беретін ойлы және ынталы оқырмандарды тәрбиелеу атты аспаптық механизмді ұсынады.

Мектептегі білім беруді жаңғырту ақпараттық – кітапханалық қызметтерді өзгертумен, мектеп кітапханасының функцияларын кеңейтумен және күрделендірумен қатар жүреді. Мектеп кітапханасы заманауи талаптарға жауап беру үшін «ИРБИС», «КАБИС» т.б. автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесіне енгізілуі тиіс. Ол электрондық каталогты құруды, электрондық каталогтағы бастапқы құжаттардың библиографиялық сипаттамасының жоғары сапасын, кітапхана қорын тиімді басқаруды, кітапхананың электрондық каталогын жасау үшін кітапхананың қолда бар ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, жалпы оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, болашақта кітаптарды автоматты түрде беруді жүзеге асыру, «Smart-мектеп» жобасы бойынша «Е-кітапханалар» жүйесі орнатылған, Интернетке шығатын компьютерлермен жабдықталған, ол баланың дамуында және мектептің білім беру жүйесінде маңызды рөл атқаруы тиіс.

Бала оқымайтын ересектермен қоршалған үйде, балалар әдебиетінің сапалы қоры болмаған мектеп кітапхасын көріп өссе, оның кітап оқуға ынтасының болмайтындығы белгілі. Сол себепті де, осы мәселелер отбасы мен мектеп тарапынан қатар шешім табуы тиіс. Балаларды оқуға тартудың осындай шараларының бірі де – «Оқуға құштар мектеп» жобасы, ол балалар оқуының қазіргі дағдарысының басты мәселесі – әлсіз оқу ортасын шешуге бағытталған.

Қазіргі заманғы мектеп кітапханасының қорында пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көркем әдебиеттердің, білімнің әртүрлі салалары бойынша дискілердің жеткілікті саны болуы тиіс. Ең алдымен, бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жіктелген, мазмұны бойынша оқу жоспарына сай келетін көркем әдебиеттер, энциклопедиялық, анықтамалық, оқу-әдістемелік сипаттағы мәліметтер базасы. Жалпы мәдени, өнер тақырыптағы әдебиеттер мен дискілер де ерекше орын алады, өйткені олар көбінесе белгілі бір автордың шығармаларын бір ортаға кең ұсынумен, терең өмірбаяндық және тарихи түсініктемелермен, тақырып бойынша сыни және басқа да қосымша материалдармен, иллюстрациялық сериялардың керемет сапасымен сипатталады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің кітапханалардың әдеттегі қызметін түбегейлі өзгертті және кітапхана жұмысының әр қырына әсерін тигізді. Әрине бұған қол жеткізе алмай отырған алыс-шалғай ауылдық жерлер де жоқ емес. Мектеп кітапханасы жұмысының маңызды элементі әр түрлі кітап көрмелерін және тақырыптық сөрелердің экспозицияларын, оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуге көмектесетін әр түрлі тақырыптағы стендтерді өткізу болып табылады.

Кітапханашы баланың жеке басының қалыптасуына тек интеллектуалды ғана емес, сонымен қатар адамгершілік-рухани білім беруге де тікелей қатысуы керек. «Жас ұрпақтың қазіргі мәселелері қатыгездік, зорлық-зомбылық, әр түрлі мінез-құлық белгілі бір оқушы таңдаған кітап немесе электронды ақпарат көздерінің тізіміне сәйкес уақытында оңай анықталады», сонымен қатар, кітапхана материалдарымен жұмыс балаларда табандылық пен жұмыс уақытын тиімді пайдалану қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл оқу орнында жаңа әлеуметтік тұлғаны қалыптастыру процесінде кітапханашы – мұғалімнің мызғымас тандемін жасайды.Қорытындылай келе, төмендегідей ой түюге болады:

– орта оқу орнының жұмыс барысында кітапхананың рөлі соңғы уақытта ақпаратты іздеудің баламалы құралдарының дамуына байланысты төмендеп қана қоймай, одан да маңызды бола түсті, өйткені оқушылар ақпаратты қай жерде алып қана қоймай, оны іздеу мен пайдалануды оқу процесі мен жеке тұлғаны қалыптастыру шеңберінде тиімді ету маңызды;

– кітапхана оқу орнының жалпы жұмысынан тыс өмір сүре алмайды және «мұғалім-кітапханашы» тандемі білім беру қызметінің барлық саласында, сондай-ақ оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру саласында мызғымас болуы керек;

– кітапхананы ақпараттандыру-прогрестің қажетті және ажырамас белгісі. Кітапхананың материалдық қоры ІТ саласындағы жаңалықтармен үнемі толықтырылып отыруы қажет, өйткені бұл оқушыларды оқуға тартып қана қоймай, оларды қажетті ақпаратты іздеуде дұрыс әдістемеге үйретуге мүмкіндік береді;

– кітапхана мен оқу орны оқушылардың патриоттық, зияткерлік, эстетикалық, жалпы білім беру, рухани және мәдени дамуы мақсатында тұрақты түрде бұқаралық іс-шаралар өткізуі тиіс;

– оқу орны ішіндегі кітапхананың жоспарлы және тиімді жұмысы үшін оқушылардың ата-аналарымен оқылатын материалды бақылау тұрғысынан да, оқуға деген қызығушылықты арттыру тұрғысынан да жұмыс істеу қажет. Тек осы факторлардың үйлесімі нәтижесінде мектеп кітапханасының жұмысы өнімді және тиімді бола алады.

Бүгінгі таңда кітапханаларда кітап оқудың әдістері мен формалары айтарлықтай өзгерген. Кітаптың қоғамдағы орнын нығайту үшін дәстүрлі жұмысқа жаңа идеялар енгізе отырып, кітап оқуды дамытудың стандартты емес түрлерін белсенді енгізуде.

21-ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі жастардың кітап оқуы. Қазіргі таңда заманымыз телефонға тәуелді. Гаджет, смартфон, ұялы байланыс құралдарсыз өмірімізді елестету тіптен қиын. Жақсы жағынан ба, жаман жағынан ба оны да дәл айту оңай болмай тұр. Пайдасы мен зияны қатар жүретін бұл зат тіптен оқулықтарды да алмастыра білді. Неге десеңіз жастардың көбі ыңғайлы деп электронды кітап нұсқаларын оқуға көшкен. Әрине оқырман (меломан) қауымның кітап оқуы қуантады, дегенмен де телефонның зияны әсерін тигізбей қоймайды.

Кітап - білім нәрі, таусылмас қазына беретін рухани дүние. Кітаптың жақсысы не жаманы болмайды. «Мұқабасына қарап кітапты сынама» немесе «Сыртына қарап ішін сөкпе» деген сөздер оған дәлел. Қаншалықты мұқабасы нашарлау көрінгенімен, ішіндегі берер байлығы шексіз болуы мүмкін. Рухани қорек - адамзаттың дамуына әсер ететін үлесі зор аспектілердің бірі.

Сонау заманнан бастап адам баласы жазуды үйренді. Алғаш адамзат тасқа қашап, оқиғаларды суреттеуді үйренген, кейіннен жазу белгі-таңбаларын ойлап таба бастаған. Ежелгі Египет, Рим сияқты елдерде алғаш қағаз түрі папирустан жасалған. Осылайша қағаздың түп тамыры пайда болды. Содан жазу үрдісі дасып, кейін қағаз бетіне жазбаларды түсіру арқылы кітап пайда болған.

Ғаламтордағы 2024-жылдың бас ширегіндегі статистика бойынша Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдердің 36%-ы, яғни 2,8 миллионы кітап оқиды. Әсіресе көркем әдебиет жанрындағы кітап түрлерін оқитындары белгілі болған. Соның ішінде шетел проза, шығармаларын оқитындардың саны отандық туындыларды оқитындардан көп екендігі анықталды.

Әлеуметтік желінің толығымен кітапты біртіндеп алмастырып жатқандығы өкінішті. Өйткені жасөспірімнен бастап үлкенге дейін қазір барлық керекті ақпараттың барлығын түгелімен дерлік ғаламтордан алуды әдетке айналдырған. Бұрынғыдай кітапхана аралап қажетті дүниені іздеп табу жоқтың қасы. Тек ұстаз не оқытушы ақпарды кітаптан теріп жазыңыздар деген кезде ғана жас студенттер амалсыздан  кітапханаға барады. Жылдам әрі тез деген ұранды ұстанған көпшілік қауым өздеріне зиян келтіріп жатқандарынан тіптен хабары жоқ.

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі  ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан. «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – депті атақты  жазушы Максим Горький.  Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе, жас ұрпақ орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырап, азғындыққа құламай қоймайды. Демек, ол көрсоқыр, надан, кеще, мәңгүрт елге айналады. Егер біз кітап оқудан тыйылсақ, онда ой ойлаудан да, айналамыздағы құбылыстарды талдау, барлау, болжау, бағамдау қабілетінен де, адамгершілік, кісілік қасиеттен де, тіпті құнды ұтқырлық атаулының бәрінен де айрыламыз. Сонда төрт аяқты малдан адамның айырмасы қандай дәрежеде болмақ? Азғындық пен жұтаудың сан қилы түрін бір сәтке болса да, көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Бұл – сөз жоқ, қауіпті және өкінішке апарары анық.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.

Қалай дегенде де, ендігі жерде, компьютерлік техникаларға тәуелділік айрықша артқан тұста қоғамымызды кітап оқуға күштеу арқылы қызығушылығын арттыру, бұл – оңай шаруа емес. Себебі, қоғамдық тізгіннен де, өмірлік ескектен де айырылып қалдық. Уақыттың өзі дәлелдеп отырғандай ұлттық шаңырақты ортасына түсіру оп-оңай, кейін оны қайта қалпына келтіру, керегесін тіктеу, уығын тіктеу ең қиын шаруа. Бұның бәрі, сайып келгенде, адамның өмірлік ізденімпаздыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке деген құштар талпынысты, құлшынысты ниетін, бейнетқор еңбекқорлыққа деген қабілетін жоятын кесапатынан орын алып жатқандығы сөзсіз. Бұған қоса ұлттық рухани жұтау қасіреттерін артыра түсетіні де даусыз.

Кітапты құмарту арқылы құлшыныспен сүйсіне көп оқыған адамның көкірек көзі әрқашанда ояу, зейіні зерек, жүрісі сергек келеді. Озық дәрежеде өмір сүре білуге деген құштарлығының ұтымдылығы айнадай айқын әрі күндей жарық, абырой-беделі жоғары, мәртебелі мерейі биік, мінезі көркем, келбеті әсем,  азаматтығы бекзат, талғампаз іскерлігі ұтқыр күйде келеді. Өмірлік таңдауы мен ұлттық мұраты асыл дәрежеде дамылсыз дами түседі. Кез келген қоғамдық ортада, отбасында сөз сөйлеуге келгенде сөзшеңдігі мен ойшылдығы дара күйде болады. Сабырлы, байсалды, жүрегі кең, сезімтал, кешірімпаз дәрежеде өнегелі тіршілік кешудің ұтқыр үлгісін оздырады. Сөз саптауға келгенде тілі жүйрік және шешендік шеберлігін кез келген ортада мойындата білуге келгенде шуақты нұрлы сәулесін үнемі айналасына шашумен ғана өмір сүреді.

Көп оқыған текті адамның рухани қоржыны ізденімпаз еңбекқорлықпен жинаған-терген гауһарлар мен інжу маржан түйіндерге толы болып, әмбебаптық дәрежеге жетеді. Қысқасы, кітапты заманның қатаң талаптарына сай лайықты адам өмір сүру үшін оқу қажет. Әлемдік ұтқыр құндылықтар мен асылдарды дер кезінде игере отырып, ұлттық болмысымыздың ұтқырлығын жаңаша оздыра түсу үшін оқу қажет.

Кітап – сарқылмайтын теңдесі жоқ алтын бұлақ және көнеріп тозуды білмейтін алтын қазына. Білім-ілім, бұл – нұр. Ендеше кітапты түпнұсқадан оқуды ешбір техника да, технология да алмастыра алмайды. Қысқа тіршілікте көзіміз әбден жеткен мол дүние жайлы қазбалап айта берсек, кітап оқудан адамзат баласының алатын жан-жақты ләззәті мен құдіретті қуатында шектеулік жоқ. Болуы мүмкін де емес.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 35 рет