Бейсенбі, 25 Қазан 2018 09:53

Түркістан облысы: Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы түлкібастықтармен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев ағымдағы жылғы 24-қазанда «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдады.

Басшының жеке қабылдауына алдын-ала жазылған Түлкібас ауданының тұрғындары қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын жартылай өзгертуді заңдастыру және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша туындаған мәселелерге қатысты болды.

Департамент басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің барлық қызмет бағыттары бойынша кеңес беруге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты. Естеріңізге салсақ, алдағы уақытта Департамент басшысының «Skype» бейнебайланыс арқылы жеке қабылдауы өткізілуі жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1006 рет