Сенбі, 27 Шілде 2024 16:56

Түркістан облысы: ерлігімен есте қалған сайрамдық өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқыны кезінде қызмет атқару барысында 2024 жылы 2 сәуірде қаза тапқан Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапоршигі Бекжан Балдановтың ерлігі Мемлекет басшысы тарапынан еленді.

Марқұмның рухына құрмет көрсетілген шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Бахаев, Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бекболат Турекулов, аудан әкімі Арман Сәбитов, Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мұхан Баймбетов және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар ел амандығы жолында жанын пида еткен өрт сөндірушіні бір минут үнсіздікпен еске алып, туған-туыстарына көңіл айтты. Оның батыл да батыр іс-әрекеті мен бейнесі мәңгі жадыларында қалатынын жеткізді.

Балданов Бекжан Қуанышұлы 1978 жылы 31 шілдеде Сайрам ауданы, Сиқым ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001-2004 жылы Шымкент қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып қызмет атқарған ол 2004 жылдан бері Сайрам ауданындағы №6 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет атқарды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Бахаев өзгенің өмірін арашалау үшін өз өмірін қауіп-қатерге тігетін төтеншеліктердің қоғамда алатын орнын айрықша атап айтты.

Осынау күрделі салада, төтенше жағдайда қызметтік және азаматтық борышын атқаруда жанқиярлық, ерлік көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған марқұм Бекжан Балдановтың медалін жары Индира Қаліқұлқызына табыстады.  Аудан әкімі Арман Сәбитұлы жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, өрт сөндірушінің өлшеусіз еңбегі өскелең ұрпаққа өшпес өнеге екенін атап өтті.

Қазіргі таңда Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінде 175 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, оның 94-і – негізгі өрт сөндіру автокөліктері. Сондай-ақ 14 арнайы, 67 көмекші автокөліктер бар. Соңғы бес жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайтуға бюджеттен 67 бірлік техника алынды. Облыстық бюджеттен 3 млрд. 537 млн. теңге бөлініп, департаменттің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Былтыр «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы лизингі есебінен жергілікті бюджет есебінен 25 бірлік өрт сөндіру техникасы және республикалық бюджет есебінен 1 бірлік командалық-штабтық автокөлігі сатып алынды. Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Алдағы уақытта тек өрт сөндіру бөлімшелерінің ғана емес кәсіби құтқару қызметінің де жұмыс жағдайын жақсартуға, техникамен қамтамасыз етуге арналған жұмыстар бірлескен түрде жүргізіледі.

Құтқарушы мамандығы қиын және қауіпті, оны айту әдеттегідей - нағыз ер адамдар үшін. Табиғи немесе өндірістік апаттың, террористік актінің немесе адамдардың өмірін қиюға болатын кез-келген басқа жағдайдың қай жерде болғанына қарамастан, құтқарушылар дереу көмекке жіберіледі. Олар батып бара жатқан адамдарды құтқару үшін көлдердің, өзендер мен теңіздердің тереңдігіне шомылуға мәжбүр; апат кезінде зардап шеккен автомобильдерді кесіп, жаралыларды шығарып алады. Бұл жұмыс жоқ, ол күнделікті, монотонды сарқылмайтын еңбексіз, бүкіл ел бойынша қалалар мен ауылдарда өз отандастарына көмектесу үшін түрлі апаттар орындарына баратын мыңдаған адамдар. Дәл осы күнделікті ауыр жұмыс, ең кішкентай құм түйірлерінен Құтқарушының келбетін жасайды.

Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.

Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу кемшілік етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. 

Құтқарушы: жабдықты жұмысқа дайындауды, ойлы-қырлы жерлер жағдайында орын ауыстыруды, су кедергілерін, жартасты учаскелерді, қарлы беткейлерді, жыраларды, үйінділерді еңсеруді; өрт сөндіру құралдарын пайдалануды; қалыптасқан жағдайды бағалауды және оңтайлы шешім қабылдауды; зардап шеккендерді іздестіруді жүргізуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді және тағы басқаларды меңгеруі тиіс. Жәбірленушіге психологиялық әсер етуді үйрену, дүрбелең көңіл-күйін болдырмау және көшбасшы рөлін алу өте маңызды.

Өрт сөндіруші - бұл жай ғана мамандық емес, ол-жан дүниесінің ерекше жағдайы. Мұндай жан ешқашан ескірмейді, ол әрқашан ашық және әрқашан ерлікке дайын. Өрт сөндірушінің Ар-намыс кодексі адамдарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тігуді міндеттейді. Әрине, адам осы өмірде кім болатынына бей-жай қарамауы керек. Оның болашағы оның алдында қандай мақсатты көретініне байланысты, тіпті егер мақсат соңына дейін жетпесе де. Біздің ұмтылыстарымыз неғұрлым жоғары болса, соғұрлым нәтиже аламыз.

Расында да бар құрметке лайық құтқарушы мамандарының көмегін, қызметін біз әр сәт сайын сезінеміз. Үйі құлыптанып есігі ашылмай қалған тұрғындарға да, көпірден секірмекші болып суицид жасағысы келгендерге де, суға кетіп қалғандар мен өрт кезінде үйінен шыға алмай қалғандарға да ең алдымен құтқарушы мамандар көмекке ұмтылады. Сондықтан бейбіт күннің батырлары қашан да құрметке лайық!

Негізі Тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған. Сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ елімізге арнайы құтқарушы мамандар қажет екенін сезініп, төтенше жағдайларға қарсы қызмет құрылған болатын. Ал сол кезге дейін бұл міндетті қоғамдық ұйымдар мен құтқару бекеттері атқарып келген еді. Арнайы қызметтің құрылуы саладағы мәселелердің шешіліп, төтенше жағдайлардың азаюына, оқыс жағдайда қаза табатын жандардың санының төмендеуіне ықпал етті. Осы орайда мемлекеттік маңызы бар қызмет осы жылдар ішінде өзін өзі ақтады деп толықтай айта аламыз.

Үлкен жауапкершілікті талап ететін Төтенше жағдайлар қызметіне талапқа сай, физикалық мүмкіндігі жоғары, оқыс жағдайларға епті мамандар тартылып, олардың көмегімен төтенше жағдайдың зардаптары да азая бастады. Уақыт сұранысына сай бүгінде Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің медициналық, психологиялық әзірліктері де күшейтіліп, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру да талап етілуде. Өйткені құтқару қызметі оңай емес, өте қауіпті мамандық.

Осы орайда атап өтсек, ҚР «Азаматтық қорғау» заңы бойынша Төтенше жағдайлар қызметіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және жою, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай кезінде ең алдымен адамдарды құтқару, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті қамтамасыз ету жүктелген. Бүгінгі күні олардың қызметін қалтқысыз атқарып келе жатқанын статистика айғақтап отыр. Яғни төтенше жағдайлардың да, оның зардаптарының да азайып келе жатқанын статистикадан байқауға болады.

Атап өтер жайт, қашан да апат айтып келмейді. Тосыннан, аяқ асты орын алған апат кезінде бүкіл қоғам абдырап қалса да, төтеншелік құтқарушылардың тосылып қалуға қақы жоқ. Апат кезінде халыққа ең бірінші болып ұмтылып, көмек қолын созуы керек. Бұл кез келген адамның қолынан келмейді. Сондықтан алда жалда біреу өзгенің өмірін құтқаруға себепкер болып жатса оны бейбіт күннің батыры ретінде құрмет тұтып, қоғам болып үй әперіп, сый көрсетіп жататынынан-ақ құтқарушы маманы болудың оңай емес екенін түсінуге болады.

Құтқарушы болу үшін үлкен жүрек, шебер машық, физикалық дайындық, білім мен білік және жылдар бойғы тәжірибе, күшті батылдық, жылдың төрт мезгілінде де, тәуліктің кез келген сәтінде де дайын тұра алатындай дайындық керек. Еліміздің барлық өңіріндегі Төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру, апаттық медицина, судан құтқару секілді бірнеше бөліктен тұратын құрылымы да бар. Ерекшеліктеріне сай олар үнемі кәсіби дайындықтарын шыңдап отырады. Өйткені олардың әрқайсысындағы мамандардың құрамының толық, сақадай сай болып отыруы маңызды. Кейбір төтенше жағдай кезінде сол жергілікті жердегі төтеншеліктердің күші жетпей көрші облыстарға да жүгінуге тура келіп жататындықтан төтеншелік мамандардлың құрамының толық болуына да мән беріліп отырады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 48 рет