Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 12:55

Түркістан облысы: Жетісай қаласында көпқабатты үйлер кәріз жүйесіне қосылып жатыр

Бүгінгі таңда Жетісай ауданының Жетісай қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесіндегі бірқатар кәріз жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің әжетханалары бұзылды. 

Бұл жұмыстар аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың хаттамалық тапсырмасына орай іске асып отыр. Жетісай қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қадырбек Смайловтың айтуынша, бүгінде қаладағы көпқабатты 3 тұрғын үй толық модернизациядан өтіп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. 

«Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бәрін ортлақытандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады, - дейді Қадыр Тұрғараұлы.

Сонымен қатар ретсіз әжетхана орындарына көгалдандыру, абаттандыру және спорт ойын алаңшалары салынады деп күтілуде. Бұл ретте қала әкімдігі «Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандырамыз» деп отыр. 

Айта кетейік, бүгінде Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 200-ге жуық пәтері орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Бұдан бөлек жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарын да орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 820 рет