Сейсенбі, 30 Қазан 2018 22:16

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 64 отбасы баспаналы болды

Қазығұрт ауданында баспана кезегінде тұрған 64 отбасы қоныс тойын тойлады. «Болашақ» шағынауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін алғандардың басым бөлігі – аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар. 

Сонымен қатар бұл баспанадан мемлекеттік қызметкерлер де тыс қалмаған. Келешекте ауданда «7-20-25» бағдарламасымен көпқабатты 2 тұрғын үй салынады.

Мұндағы тұрғын үйлер заман талабына сай салынған. Ауызсу, табиғи газ бен жарық жүйелері тартылған. Балалар асыр салып ойнайтын аула мен тұрғындар үшін көлік тұрағы қарастырылыпты. Облыстық бюджет қаржысына тұрғызылған бұл баспаналар Қазығұрт ауданының 90 жылдығына тарту ретінде беріліп отыр. «Келешекте «7-20-25» бағдарламасымен тағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй салу жоспарда бар», – дейді коммуналдық салаға жауапты мамандар. 

«Үй кезегінде 393 отбасы тұрған-тын. Енді 317-і тізімде қалды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша келесі жылдары тұрғын үй беріледі. Ауданда салынып жатыр» дейді Қазығұрт аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің жетекші маманы Әкімжан Әбдіәкім.

Облыста көпқабатты тұрғын үй салуға ниетті жеке инвесторлар қатары да көбейген. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының бірінші бағытындағы «7-20-25» бағдарламасы аясында өңірде жеке үй салушылардың қаржысымен жүзден аса көпқабатты үйдің құрылысы басталған екен.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 723 рет