Бүгінде жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар да оң нәтижесін беруде. Биыл жоспар бойынша 30 207 жұмыспен қамту шараларына тарту мақсаты қойылып, оған 26 940 тұрғын қатысты.
Тарқатып айтқанда 3 741 адамның кәсіпкерлігін қолдау, 6 898 адамға субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беріліп, 12 982 адамды бос жұмыс орындарына орналасты және 3 319 адамға кәсіптік оқытуға жолдама берілді.
Сондай-ақ, 26 482 адамды Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан концепциялар мен қаланың даму жоспары бойынша жүзеге асырылып отырған нысандарға жұмысқа орналастыру жоспары бекілсе, есепті кезеңде нақты 18 920 адам жұмысқа жолданған.
Елімізде жұмыссыздарды жұмыспен қатуға бағытталған. "Жастар тәжірибесі", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Ұрпақтар келісім шарты", "Қоғамдық жұмыстар", "Ұлттық жоба " және "Алғашқы жұмыс орны", «Күміс жас» сынды бағдарламалар ұсынылады. Әр бағдарламаның өз талаптары бар.
«Жастар практикасы»
Бұл бағдарлама уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.
Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған "жұмыссыз" мәртебесі бар және соңғы 5 жыл ішінде жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады.
«Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 ай, еңбекақысы 30 АЕК.
"Алғашқы жұмыс орны"
Сонымен қатар жоғарғы оқу орнын аяқтаған жастар үшін "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламасы бар. Жастар саясаты аясында жүзеге асырылатын бұл бағдарлама NEET санатындағы, 29 жастан асқан жастарға, жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған.
"Алғашқы жұмыс орны" аясында өтініш білдірген азаматтар дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа сай 24 айға жұмысқа орналаса алады. Ал жалақыны жұмыспен қамту орталығы 1 жыл көлемінде субсидиялайды.
Субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке тең. Жобаға қатысу үшін тұрғылықты мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, жеке басын куәландыратын және білімі туралы құжат ұсынуы керек. Жобасының мерзімі 18 ай.
"Ұрпақтар келісім шарты"
Бұл жобаға қатысушы 18 айға тұрақты жұмыспен қамтылады. Алдымен жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім жасайды. Ал 6 айлық жалақыны жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды.
"Ұрпақтар келісімі" жобасына қатысқысы келетін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш беруі керек. Сонымен қатар жеке куәлігі, білімі туралы құжаты мен еңбек кітапшасын (бар болса) қоса ұсынуы қажет.
Толық ақпаратты «enbek.kz» порталынан немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аталған жобалар бойынша 715 адам жұмыспен адам қамтылып, 86 адам кәсіптік оқудан өтті.