Жұма, 25 Сәуір 2025 11:55

Созақ ауданы: Тасты ауылдық округінде алда атқарылар жобалар таныстырылды

Кеше Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Тасты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асырылатын жобалар мен атқарылатын жұмыстар жайында жан-жақты баяндады.

Тасты ауылдық округі әкімінің жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы басталды. Сонымен қатар, Тасты ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон және А. Бейсенбаев көшесіндегі жабық футбол алаңының құрылысы қолға алынуда.

Тастыдан Қылти елді мекеніне дейінгі автомобиль жолының құрылысы толық аяқталады. Сейфуллин, Наурыз, Бауыржан және Амангелді көшелеріне орташа жөндеу (асфальттау) жұмыстары жүргізілмек. Ал Бейсенбаев, Амангелді және атауы жоқ №1 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.Амангелді, Жібек жолы көшелері мен Қырық кепе жарықтандырылады. Мәулен ата көпірі ағымдағы жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы мен «Street workout» алаңы салынып, “Мен өз елімді жақсы көремін” атты монумент орнатылады.

Кездесу барысында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша сала мамандары тиісті жауаптар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бірқатар тұрғындар ауыл шаруашылығы саласы бойынша жеке мәселелерімен жүгінді.  Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 56 рет