Бүгінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы аясында өңірімізде шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстарға «Защита растений - К» ЖШС-ның биолог мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нұсқамалық қорытындылары негізінде дәрілеу жұмыстары мерзімінде басталған. Дегенмен мамандардың айтуынша ауа райы мен өзге де түрлі факторлардың салдарынан шіркейлер азаймай отыр. Енді дәрілеу жұмыстарының екінші кезеңін іске асыруды барынша күшейту көзделіп отыр.
Қоғам және Көксарай ауыл округінде жүргізіліп жатқан дезинсекция жұмыстары өзге де аймақтарды қамту керектігін айтқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қажет болған жағдайда қосымша күштерді тартып, арнайы техникалардың санын арттыру керектігін жеткізді. Аталған жұмыстар тікелей бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандар мен сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат