Осы орайда Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш және аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабековпен бірге Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қайрат Пазыловты арнайы шақырып, тиісті саланың бөлім басшылары мен көпір орналасатын жерге шекаралас Сайрам ауданының жауапты мамандарының басын қосып, көпір салынуы көзделген аумаққа барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аталған нысанды жобалау жолдары жан жақты талқыланды. Көпір құрылысын үш аймақтың, атап айтқанда, Шымкент қаласы, Сайрам және Ордабасы ауданының тоғысқан жерінде жүргізу ұсынылғандықтан нысанды құжаттандыру амалдары қарастырылып, нақты шешімге келу жолдары сарапталды. Нәтижесінде құрылысқа қатысты қос ауданның жуапты сала мамандарына тиісті орындарға сұраныс жолдау үшін, көпір құрылысының нобайы мен қаржы жоспарын жасау тапсырылды.
Айта кетсек, Ордабасы ауданындағы халық саны күн санап артып келе жатқан Шұбарсу елді мекені Шымкент Самара тас жолы бойында Шымкент қаласынан 27 шақырым, көршілес Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл тұрғындары қалаға қатынайтын жолдарда таң ертең және кешкі уақыттарда көлік кептелісі орын алады. Бұл мәселені шешудің жолы ретінде ауыл ішіндегі, бас көшелердің бірі саналатын Қазыбек би көшесінен Шұбарсу өзені үстіне көпір салынса Сайрам ауданына да Шымкент қаласына да айтарлықтай жақын қашықтықта баруға мүмкіндік туады.
Осы тұста Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елді мекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдарда асфальт жабындылары жаңартылғанын айта кеткен жөн.Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды атқарылуда. Соңғы 3 жылда 685 гектар жер жаңа үйлерді салу үшін инфрақұрылыммен қамтылып (ауыз су, электр желісі), 1 851 жер телімі бөлінді.
Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, электр желісі) құрылысы жүргізілуде (жалпы құны 234,3 млн. теңге). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, жер кезегінде тұрған 261 адамға жер беріледі.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Былтыр жалпы құны 150 млн. теңгеге 11 ойын, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат