Жиынға ауыл округі әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мансап орталығының және пробация қызметі бөлімінің мамандары қатысты.
Есепте тұрған азаматтардың өзекті әлеуметтік мәселелері кеңінен талқыланған жиында олардың жұмысқа орналасуына, әлеуметтік көмек алуға, қоғамдық ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Кездесу соңында Илияс Еркінұлы әрбір азаматты жеке қабылдап, олардың жағдайымен танысып, алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат