Дүйсенбі, 17 Маусым 2019 15:34

Түркістан облысында «Қонақжай отбасы» коттедждерін салу ұсынылды

Бұл туралы облыс мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында сөз болды. Ата-ансының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау мәселесі талқыланған тақырыпқа еліміздің солтүстігіндегі тәжірибе арқау болды. 

«Жаңа үлгідегі «Қонақжай отбасы» коттедждерін салу, әрине, жақсы бастама. Дегенмен әлі сынақтан өтіп болмаған жобаның қандай нәтиже беретіні белгісіз. Сондықтан жергілікті жердегі мүмкіндіктерді қарап, ғимарат қажет болса табуға болады» - дейді халық қалаулылары.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттар заман талаптарына сәй еместігі соңғы кездері жиі айтылып жүр. Мемлекет қамқорлығына алған мекемелерде балалардың өмірге бейімделуіне, олардың тұрмысын отбасындағы жағдайға икемдеуге жағдай жоқ.

Бұл ретте «Солтүстік Қазақстанда «Қонақжай отбасы» үлгісіндегі үйде тәрбиелеуді апробациядан өткізіп жатыр. Ол тәжірибе бойынша әрбір баланы жекеқаржыландыру қарастырылған. Оған қоса интернаттар да болады» деді Түркістан облысы бойынша адами әлеуетін дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова.

Егер тәжірибе өміршеңдігін дәлелдесе, онда жуырда жартылай, тұл жетімдер жанұядағыдай өмір сүреді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 736 рет