Сенбі, 22 Маусым 2019 21:57

Түркістан қаласында «Жастар аллеясы» салынып жатыр

Түркістан қаласы аумағында бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алып, бірқатар нысандар бой көтеріп, келешекте қала сәулеті ажарлана түсетін болады.

Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті. Мәселен, қаладағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ.

Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, абаттандырылады. Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Су бұрқақтар құрылысы бастылып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Демалыс орнының алдында арнайы автотұрақтар салынатын болады. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 615 рет