Сейсенбі, 02 Шілде 2019 13:30

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы Алматы қаласы мен Түлкібас ауданына бекітілген №14 секторда жауаптылар жиын өткізді

Бүгін Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев Арыс қаласындағы Алматы қаласы мен Түлкібас ауданына бекітілген №14 секторда орналасқан 500 үйдің әр 10 үйінен белгіленген азаматтардың басын қосып, жиын өткізді. 

Жиынның мақсаты тұрғындарды сабырлылыққа шақыру, Алматы қаласынан келіп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін компанияларға жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау көрсету және көрсетіліп жатқан алеуметтік көмектерге мұқтаж азаматтардың тізімін жасақтап, бірлесе көмек көрсету барысын талқылау болды. Жиынға қатысқан №14 сектордың белсенді азаматтары көтерілген мәселелерді бір ауыздан қолдап, қиын кезеңде бірге болып, қол ұшын созған алматылықтар мен түлкібастықтарға ризашылықтарын білдіріп, бір үйдің баласындай бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Айта өтейік, Арыс қаласын қалпына келтіру үшін шаһар аумағы 17 секторға бөлінген, олардың әрқайсысына республика өңірлері мен Түркістан облысының аудандары өзара жіктелген.

 «AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 843 рет