Сейсенбі, 15 Қазан 2019 12:02

Шымкентте қала тазалығы үшін жаңа ереже бекітіледі

Бұл жөнінде қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алтай Әлі Сембекұлы мәлімдеді. 

«Алдағы уақытта қала тазалығы бойынша жауапты мекемелер мен қала тұрғындары үшін арнайы ереже бекітуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде қоқыстың тазалануына жауапты мердігер мекемелермен келісімге келу және жұмыс сапасын бақылау қызметтері болады. Қоршаған ортаны таза ұстауды тек бір тарапқа жүктеп қоятын болсақ, олқылықтар көбейе бермек. Сондықтан да жауапты мекемелер, тасымалдаушылар және тұрғындармен бірлесе кешенді жұмыс істесек қаламыз бұдан да таза болар еді», - деді басқарма басшысы Алтай Сембекұлы. Оның айтуынша, күн сайын қаладан 500-550 тонна қоқыс қалдықтары арнайы полигонға жіберіледі. Бүгінгі таңда аталған полигонның қоқыс сұрыптау зауытында жиналған жалпы қоқыс 111 592 тоннаны құраса, сұрыпталған қоқыс көлемі 19 632 тоннаға жеткен.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 693 рет