Бейсенбі, 24 Қазан 2019 21:59

Шымкент: Министр оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысты

Бүгін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Шапағат" мүгедектерге арналған оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысты. Нысанның жұмысымен толық танысып шықққан министр сонда ем-дом қабылдап жатқан азаматтармен тілдесіп, оларға мемлекет тарапынан қажетті көмектің жоғары деңгейде көрсетіле беретіндігін тілге тиек етті. 

Төрт қабаттан тұратын, бас-аяғы 70 орынға лайықталған орталықта еңбек ететін 40-тан астам маман психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мұндағы құрал-жабдықтар мен тиісті қызмет көрсету бөлмелері заман талабына сай жасақталған.

«Жыл сайын елімізде мүгедектер саны артпаса, кеміп отырған жоқ. Сондықтан да ерекше қызметті қажет ететін азаматтарға айырықша жағдай жасалуы тиіс» - дейді ведомство басшысы.

Орталықта келушілерге барлық жағдай жасалған. Бір мезгіл дене шынықтырып, бой жазып аламын десе, нұсқаушы мамандар қызметке әзір. Арнайы кабинеттерде мүгедектер дәрігерлердің нұсқауы бойынша түрлі ем-дом шараларын ала алады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 711 рет