Бейсенбі, 07 Қараша 2019 18:01

Шымкент: Қаратау ауданындағы 27 көше жөнделіп жатыр

Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді. Тарқатып айтар болсақ, 15 көшенікүрделі, 12 көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ Абзал Шымкентбайұлы Тұран шағынауданына баратын №1,2, 7 жолдардың салынып жатқандығына ерекше тоқталды. Өз кезегінде қысқы маусымға дайындық мәселесі де сөз болды. Мәселен, бүгінде Қаратау ауданындағы 392 көппәтерлі тұрғын үйдің 315-і орталық жылу жүйесін, 77-сі автономды жылу жүйесін тұтынады. Қысқы жылу маусымына көпқабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері атқарған. «Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын» - деп, атап өтті аудан әкімі Абзал Әліқұлов. Бұл ретте қыс маусымында көмірдің құнын жоғарылатпауды Қаратау ауданы әкімдігі өз аумағында қатаң назарда ұстайтындығын да жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 882 рет