Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 16:37

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі әкелердің рөлін саралады

«Ұрпағын ойламаған ұлт жоғалады». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Бүгінде бала тәрбиесінде әкенің рөлі қандай деңгейде? Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі өткізген жиында жуырда құрылған «Әкелер мектебінің» орны мен атқаратын жұмыстары сараланды. 

Алқалы жиында облыстық ардагерлер кеңесінің бірқатар мүшелері еселі еңбегі үшін республикалық ардагерлер кеңесінің грамотасы, дипломдарымен марапатталды. Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректорыБолатбек Әбдірәсілов «Ел ағасы» төсбелгісімен наградталды. Жасыратыны жоқ, балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер – 100 пайыз әйелдер. Ал мектептегі мұғалімдердің 70 пайыздан астамы нәзік жандылар. Бала енді бой түзеп келе жатқанда ер азаматтардың тәрбиесінен тыс қалмауы керек. Сонда жасөспірімдер арасында құқық бұзу мен суицид азаяр еді. Осыны негізге алған ардагерлерқыркүйек айында облыста «Әкелер мектебі» қоғамдық институтын құрды. Ондағы мақсат: өскелең ұрпаққа әке тәрбиесін сіңіру. Бүгінде өңірдегі 902 мектеп жанынан осындай ұйым жұмыс істеп жатыр. 

«Әдет-құрып, салт-дәстүрді үйрету мектеп бағдарламасының оқу процесінде жоқ. Соны енгізуіміз керек» - дейді Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев.

Облыстың бас мұғалімі Рахымбек Жолаев:«Бұл жоба дер кезінде қолға алынды» - деп есептейді. Бұл қоғамдық ұйым отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында жұмыс істейді.

Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруер жігіттердің мінез-құлқын қалыптастыруға оң ықпалын тиігері анық.  Жиында осындай мектептердің жұмысын жүйелеген ауылдардың тындырымды істері өзгелерге өнеге етіп көрсетілді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 954 рет