Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 13:18

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметін уақытша тоқтатады

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Мемлекетте жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 21 наурыздан 16 сәуірге дейін қызметін уақытша тоқтатады. 

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы арқылы онлайн ала алатындарыңызды естеріңізге саламыз. Бұдан былай дайын құжаттарды беру мақсатында наурыз айының 28-не дейін құжаттарды беру секторлары дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ал мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы ақпаратты 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығынан білуге болады.

Тұрғындар басқа сұрақтармен Абай, Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби аудандары бойынша мына байланыс нөмірлері арқылы байланыса алады:

Абай ауданы: +7 701 621 01 64.

Қаратау ауданы: +7 702 711 00 24.

Еңбекші ауданы: +7 702 261 04 81.

Әл-Фараби ауданы: +7 778 777 54 17.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 927 рет