Жексенбі, 05 Сәуір 2020 14:10

Түркістанның теміржол вокзалы уақытша жабылды

Бүгін әскерилер рухани шаһарды залалсыздандыру жұмыстарына кірісті. Бұған жұмылдырылған 40 әскери қызметші алдымен теміржол вокзалы аумағын залалсыздандырды. Дизенфекцияланған вокзалдың есігі келушілер үшін енді уақытша жабылмақ.

Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Ж.Күлдербаевтың мәлімдеуінше ҚР Қарулы күштері жоғары Бас қолбасшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен және ҚР Қорғаныс министрінің арнайы өкімімен қазіргі уақытта облыс орталығына Шымкент горнизонынан 200-ге жуық әскери қызметші келген. Олар қалада індетке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтумен қатар, залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын болады. Ал, оларға қажетті киімдер, химиялық ерітінділер барлығы да қала әкімдігі тарапынан үлестірілген. Аталған шара барысында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әскери қызметшілерге індетке қарсы жұмыс атқарудағы істеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, енді күнделікті облыс орталығының басты көшелерінде, саябақтарда, халық көп шоғырланатын орындарда залалсыздандыру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 388 рет