Дүйсенбі, 06 Сәуір 2020 15:45

Түркістан: Екінші деңгейлі банктер, пошта байланысы, жекеменшік нотариустар жұмыстары тоқтамайды

Әкімдік хабардар еткендей, екінші деңгейлі банктер, пошта байланысы және жекеменшік нотариустар жұмыстары тоқтамайды.

 

Осы себепті, бүгін "Kaspi" банкі мен ҚазПошта АҚ алдында жаппай халықтың шоғырлануы орын алды. Қала әкімі Рашид Аюпов аталған мекемелерге барып, халықты сабырға шақырды. 

Нәтижесінде, "Қазпошта" мекемесінде бүгін және ертең, яғни 6-7 күндері зейнетақы;

Сәрсенбі, бейсенбі, яғни 8-9 күндері 42500 теңге алу үшін шот ашу және 2651 теңге БЖТ;

Жұма, сенбі, жексенбі күндері, яғни 10-12 сәуір аралығында Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) ретімен берілетін болады.

Сондықтан, бүгінгі кезекке тұрғандар қайтарылып, тек зейнетақы алушылар қалды.

Жалпы, Түркістан қаласында Қазпоштаның 11 бөлімшесі бар. Бір ғана 42500 теңге алушылар саны 30 мың адамды құрайды. Ал, мекеме бір күнде 1500 адамды қабылдауға қауқарлы. Олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін кезекке тұруын қамтамасыз ету үшін күнделікті "Asar" еріктілер тобы көмек көрсетеді. Сондай-ақ, пошташылар үйме-үй де жеткізу қызметін жандандырады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 371 рет