Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 22:00

Түркістан: «Қамқорлықты» қолдаған отырарлықтар көбеюде

Отырар ауданында кең көлемде іске асқан облыстық “Қамқорлық” жобасына қолдау көрсеткен іскер азаматтар қатары көбейіп келеді.

Соның бір айғағы бағдарлама аясында Шілік ауылындағы аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарының белсенді түрде жүзеге асуы.

Бұған бірінші кезекте ауылдың ерікті, белсенді жастары мен демеушілер ұйытқы болып отыр. Нақтырақ тоқталсақ, Нұржан Жантақбаевтың отбасына жаңа тұрғын үй салып беруге ниеттенген ауыл азаматтары асарлатып жаңа үйдің іргетасын құйды.

Көптен бері баспанаға мұқтаж болып жүрген Нұржан Жантақбаевтың ауыл азаматтарына айтар алғысы шексіз.

Шағын ғана елдімекендегі қайырымдылықтың үлгісі болатын осындай игі істер алдағы уақытта жалғасын табады деп күтілуе.

Айта кетейік, «Қамқорлық» бағдарламасы Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама  мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.



 


Оқылды 385 рет