Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 13:38

Төлеби ауданында ауылшаруашылық саласын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылуда

Түркістан облысы экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осыған орай Төлеби ауданында аталған саланы дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Атап айтқанда, ауданда 2020 жылдың егіс көлемі 63130 га құрады. Оның ішінде:

1) Бидай - 13900 га (8400 га күздік және 5372 га жаздық бидай егілген)
2) Арпа - 6698 га егілген;
3) Майлы дақылдар - 12600 га, егілгені 8960 га;
4) Ескі жоңышқа - 23550 га;
5) Жаңа жоңышқа - 4680 га, егілгені 4289 га;
6) Сүрлем жүгері - 200 га, егілгені 33 га;
7) Картоп – 819 га, егілгені 259 га;
8) Көкөніс – 781 га, егілгені 117 га;
9) Ноқат -100 га, егілгені 36 га құрап отыр.

 Жыл басынан бері жоспарға сәйкес суармалы жердің көлемі 30,1 га, жылыжай 0,2 га, қарқынды бау 10 га ұлғайды. 1 алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 120 бірлік болса, оның 45-і орындалды.

 2020 жылы жалпы астықтан 43,0 мың тонна, майлы дақылдан 13,0 мың тонна, картоптан 20,0 мың тонна, көкөністен 33,0 мың тонна, жеміс-жидектен 8,0 мың тонна және жүзімнен 1,5 мың тонна өнім жинау көзделуде.

 Ауданда ірі қара мал 64607, қой мен ешкі 168862, жылқы 29941 басқа жетті. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 20 бас ІҚМ, 10-15 басқа арналған 20 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары және 10-15 бастық 22 бірлік шағын сүт фермалары және 4 бірлік шағын құс фермалары ашылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 404 рет