Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 13:47

Түркістан: Қаладағы қураған ағаштарды жасарту және суару жұмыстары жанданады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы бүгінгі жұмыс күнін қаланы аралаумен бастады. Алдымен, Б. Саттарханов даңғылы бойындағы желілік парк жұмыстарын бақылап, екі жақ бөлігін ретке келтіру қажеттігін және аталған даңғылдың әлі де жөндеу жұмыстары аяқталмағанына сын айтты.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды қадағалап, болашақта ақау туындамас үшін алдын алу қажеттігін ескертті. 

Жалпы, даңғылда орнатылып жатқан ерекше дизайнды дүниелер, субұрқақ, көгалдандыру нәтижесінде ондағы әр тұрғын үй алды ерекше келбетке ие болады.

Қаланы аралау шаһардағы барлық мөлтек аудандарда жалғасты. Рашид Абатұлы "Марат" базары жанындағы құрылыс дүкендерінің ешқандай талаптарды орындамастан қызметін жалғастырып тұрғанына куә болып, полиция тарапына қолға алуын тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысан алдарындағы жарнамаларды да алу қажеттілігі айтылды. Ол үшін мобильді топтар жұмысты ширатуын ескертті.

 Қаладағы қураған ағаштарды жасарту және суару жұмыстары жанданады. Одан бөлек, бүгінде орталық қана емес, қала сыртында тазалық, яғни қоқыстардан арылту ісі жүргізілуде. Ол үшін әр аумаққа қажетті техника мен адамдардың жұмылдырылуы қамтамасыз етіледі. Бүгінде "Бекзат" мөлтек ауданында тазалау жұмыстары жүруде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 626 рет