Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 20:21

Түркістан қаласында құрылыс, жол және көгалдандыру жұмыстары тоқтамайды

Биыл Түркістанда 100-ге тарта көше жөнделеді. Бүгінде 31 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталып қойды. Көптеген көшелер мүлде жол жөндеу көрмеген болса, кейбірі 2000 жылдары ғана жөндеуден өткен.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында жаяу жүргіншілер жолы, жарықшам, асфальт және жол белгілері орнатылатын болады.

Орташа жөндеуден бөлек, Майкөтов көшесі, яғни Батыс Еуропа-Батыс Қытай мен Шәуілдір тас жолы аралығында 6,5 шақырымды құрайтын төрт жолақты жол құрылысы жүргізілуде. Жол жиектерінде арықшалар, жол белгілері, веложол жүргізіледі. 2019 жылы желтоқсанда басталған жұмыстар, осы жылы қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.

Жалпы, Түркістан қаласында құрылыс, жол және көгалдандыру жұмыстары тоқтамайды. Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары тек инфрақұрылымы толық аяқталған көшелерде жүргізіледі.

Қаладағы қураған ағаштарды жасарту және суару жұмыстары да жанданады. Одан бөлек, бүгінде орталық қана емес, қала сыртында тазалық, яғни қоқыстардан арылту ісі жүргізілуде. Ол үшін әр аумаққа қажетті техника мен адамдардың жұмылдырылуы қамтамасыз етіледі. Бүгінде "Бекзат" мөлтек ауданында тазалау жұмыстары жүруде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 386 рет