Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 20:53

Түркістан: Жетісайда сүт өнімдерінің 15 түрін өндіретін кәсіпорын бар

Өткен жылы Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылса, оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылған.

Аталған жобалардың ішінде өндірістік қуаты тәулігіне 50 тоннаға дейінгі сүт өңдеу нысанын құру бойынша «Ақ алтын Береке» мен «Медет Сүт» сынды 2 жоба енгізілген. Жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Медет Сүт» ЖШС бүгінде өз қаржысымен ашылғанымен, өндірістік қуаттылығын арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қосымша қаржыландырылып отыр.

Қайта өңдеуге қажетті сүтпен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы сүт фермасын екінші кезеңмен 2020 жылы құрылысын жүргізіп, іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорын басшылығы алдағы уақыттарда ауыл тұрғындарынан тиімді бағада сүттерін сатып алу мақсатында әр округке арнайы көліктерін қоймақ.

 Аудан тұтынушыларын жетісайлық өніммен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында қазіргі таңда аталған сүт өнімдерінің 15 түрін өндіретін «Медет Сүт» кәсіпорыны өнім бұл көрсеткішті 25-ке жеткізіп, нарықтық экономикада бәсекелестікке төтеп беруге ниетті. Өз өнімдерін тек аудан шеңберінде ғана емес облыс, республикалық нарыққа шығарып, жетісайлық брендті қалыптастыруға ниетті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 575 рет