Жұма, 10 Сәуір 2020 14:57

Түркістан облысында 156 мобильді топ мониторинг жүргізуде

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан облыс аумағындағы адамдар көп жиналатын орындарда, банк пен «Казпочта» АҚ бөлімшелерінде сақтық шараларының нұсқаулық бойынша орындалуы арнайы мобильді топтармен тұрақты бақылануда.

Бұл туралы Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс аумағында 156 мобильді топ мониторинг жүргізіп, бүгінгі күнге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын яғни төтенше жағдай талабын бұзған 254 субъектіге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтырды. Құжаттарды жергілікті сотқа жолданды.

Сот шешімімен 166 тұлғаға 10 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынып, 55 тұлға қамауға алынды. Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Барлық банк өкілдіктері, «Капочта» АҚ бөлімшелері жұмысын қалыпты жағдайда жалғастыруда.

Түркістан облысында азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленіп, бақылауға алынған. Мәселен, бірініші сотты бидай ұны - 169 теңге, бірініші сортты ұннан жасалған бидай наны - 155 теңге, күріш 216 теңге, сиыр еті - 1910 теңге, тауық жұмыртқасы - 28 теңге, күнбағыс майы - 434 теңге, ас тұзы - 49 теңге, қарақұмық жармасы - 327 теңге болып белгіленген.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 379 рет