Жұма, 10 Сәуір 2020 15:12

Түркістан: Сарыағаш ауданында ауылшаруашылық саласын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылуда

Сарыағаш ауданы экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады.Осыған орай, ауданында аталған саланы дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Атап айтқанда, ауданда 2020 жылдың егіс көлемі 65100 га құрады, -деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде: 08.04.2020 мәлімет бойынша:
1) Бидай - 26500 га, егілгені – 29648га;
2) Арпа - 5500 га, егілгені -5000 га;
3) Майлы дақылдар - 2000 га;
4)Дәнді жүгері – 6000 га, егілгені – 217 га,
5)Бұршақты дақылдар – 500 га;
7) Картоп – 4000 га, егілгені -3500 га;
8) Көкөніс – 10500 га, егілгені -4338 га;
9)Бақша дақылдары – 1200 га;
10) Ескі жоңышқа - 7800 га;
11) Жаңа жоңышқа - 1000 га, егілгені – 40 га;
12) Сүрлем жүгері - 100 га құрап отыр.
Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 140 га жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілді. 12,15 гектарға жылыжай көлемі ұлғайды.
Бір алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 92 бірлік болса, жыл басынан жоспардың орындалуы 399 - бірлікке немесе 917,59 га орындалды. 2020 жылы жалпы астықтан 75,0 мың тонна, майлы дақылдан 2,05 мың тонна, картоптан 80,5 мың тонна, көкөністен 275,7 мың тонна, жеміс-жидектен 14,7 мың тонна және жүзімнен 9,6 мың тонна өнім жинау көзделуде. Сонымен қатар, жылыжайдан 139,0 мың, тонна өнім жинау көзделуде.
Аудан
дағы ірі қара мал 65,6 мың, қой мен ешкі 435,9, жылқы 15,6 мың басқа және құс саны 402,7 мың басқа жетті. 10-15 басқа арналған 17 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары және 10-15 бастық 2 бірлік шағын сүт фермалары ашылды. 8 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңаланды. Алдағы уақытта жасалып жатқан еңбек ақталып, елеулі өсімдерге қол жеткізу жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 


Оқылды 438 рет