Жұма, 10 Сәуір 2020 15:27

Түркістан: Төтенше жағдай кезінде сарыағаштықтардың банктік шоттарына қойылған шектеулер алынуда

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған азаматтарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталған.

Осыған орай, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған 4,3 мыңнан астам банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен 600-ден астам инкассалық өкімдер кері қайтарылды, -деп хабарлайды Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Сондай-ақ, Басқармамен Түркістан облысы бойынша Жеке сот орындаушылар палатасына бұрын жіберілген 4,8 мыңнан астам салық бұйрықтары бойынша азаматтардың кез-келген шоттарына салынған тыйым салу әрекеттерін уақытша тоқтата тұруды және жеке тұлғалардың берешектерін өндіріп алу туралы орындалудағы салық бұйрықтары бойынша тыйым салуларды тоқтата тұруды сұрап, хат жолданды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 415 рет