Жұма, 10 Сәуір 2020 16:38

«Біз біргеміз!» акциясы Сайрам ауданында жалғасты

Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы ұйымдастыруымен, Елбасының «Біз біргеміз!» қайырымдылық республикалық акциясы аясында ауданның бір топ кәсіпкер азаматтары қамқорлықты қажет ететін жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі көмекке мұқтаж отбасыларға азық – түлік, антисептик құралдарымен, медициналық бетперделер таратты.

«Біреуге мейрімділік көрсетіп жақсылық жасау адамның ең жақсы касиеттерінің бірі. Жүрекпен істелген жақсылық алдымен өзіңе пайдалы, сондықтан қолымыздан келгенше қоршаған ортаға мейірімділік танытайық»,-дейді ұйымдастырушылар.
Көмек алған отбасы мүшелерінің о
сындай қиын – қыстау кезінде өз еркімен сауапты игі істер жолында жүрген жомарт, қолы ашық азаматтарға айтар алғысы шексіз.
Бұндай қамқорлық іс – шаралары алдағы уақытта тағы – да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ "Nur Otan" партиясы Сайрам аудандық филиалы тарапынан #BIZBIRGEMIZ акциясы ұйымдастырылып, оқшаулауда жатқан ем қабылдаушыларға Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Мухиддин Эгембердіұлымен бірлесе "Қарабұлақ" орталық ауруханасына күнделікті қажет азық-түліктер мен арнайы тұрмыстық заттар жеткізіліп, берілді. Сондай-ақ Қарабұлақ ауылындағы блок бекеттің жұмысымен танысты.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 445 рет