Жұма, 10 Сәуір 2020 20:22

Сайрамда карантиндегі ауылға көмек көрсетілді

Еске сала кетейік,  бұған дейін COVID-2019 індетімен Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіне қарасты Ханқорған ауылының тұрғыны тіркелуіне байланысты ауыл толығымен карантинге жабылған болатын.

Осыған орай бүгін "Nur Otan" партиясы Сайрам аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы және "Jas Otan" жастар қанатының еріктілері «Bizbizgemiz» акциясын жалғастырып, біраз адамға көмек берді.
Олар Түркістан облыстық кәсіподақтар федерациясы тарапынан ұсынылған тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түліктерді аталмыш ауылдағы жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға жеткізді.
Шара барысында аудандық партия филиалы тарапынан 1000 дана медициналық бетперде таратылды. Сонымен қатар ауыл азаматтарымен тілдесіп, олардың арасында болып жатқан өзекті мәселелерді зерделеп, нақты шешілу жолдарын қарастырды. Алдағы уақытта да Ханқорған елді мекені партияның басты назарында болады және тиісті жәрдем көрсетіле бермек.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 437 рет